"Мамандық өмір таңдауы" » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Мамандық өмір таңдауы"
19
ноябрь
2021

"Мамандық өмір таңдауы"

10-

11 сынып оқушыларымен "Мамандық өмір таңдауы" тақырыбында семинар тренинг өткізілді. 

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, классификасиясы белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттері:
- кәсіптік мамандық таңдаудың негізгі типтері мен факторлары туалы түсінік беру,
- кәсіптік мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын анықтау
- кәсіптік бағдар беру. 
Қатысқандар: 10-11 сынып оқушылары
Жауапты: мектеп психологы Назаркулова А.С.
Жоспар: 
  • Кіріспе 
  • Сұрақ – жауап
  • Ситуациялық сұрақтар
  • «Жаңа мамандықтар» жаттығуы 
  • «Қол- мидың жалғасы» әдістемесі
  • Қорытынды 
      Барысы: 
 Кіріспе: Мамандық– қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. Ол лауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-үйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек машықтарын талап ететін еңбек қызметінің тегін сипаттайды. Лауазымдық міндеттердің шеңберін айқындайды. Мамандық қызметкер еңбегінің бүкіл шеңберін қамтығанда ол кәсіп ұғымына сай келеді. Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі.
                   «Ең қиын мамандық - адам боп қалу» Хосе Хулиан Марти
Сұрақтар:
1.  Неліктен мен бұл мамандықты таңдадым?
2. Бұл мамандықты таңдауыма не түрткі болды?
3. Таңдаған мамандығың жайлы не білесің?
4. Қоғамға қажетті мамандықпа?
5. Өзіңді қандай маман иесі боламын деп елестетесің?
Ситуациялық сұрақтар:
  1. Дәрігер: Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты? Сіз не шештіңіз?
  2. Мұғалім: ата ана сабаққа қатысып отыр, үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес, не істер едіңіз?
  3. Әнші: саханада ән салып тұрсыз, көрермен ұйықтап отыр, бұл сізге ұнамады? Сіз не істейсіз?
  4. Журналист: жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады, қорқытты. Не істер едіңіз?
Оқушылар ситуациялық сұрақтарға өз ойларымен, әр маман иесінің орнына өздерін қоя отырып жауап берді. 
Қорытынды: «Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады. Жер басып жүрген әрбір адамның өз міндеті бар»-деген екен Толстой, олай болса, әрқайысың да таңдаған мамандықтарыңның алтын қолды иесі болып, мамандықтарыңыз – өнерге, өнерлеріңіз – өмірге айналып, үлкен өмірде сіздерді тек БАҚЫТ қана күтсін деген тілекпен бүгінгі  кездесу кешімізді осымен аяқтаймыз