Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі №21 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
№ 118 бұйрықтан (көшірме)
Андас батыр ауылы 31 тамыз 2022 жыл
2022-2023 оқу жылында ауыз су режимін
ұйымдастыру туралы
2022-2023 оқу жылында мектепте ауыз су режимін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы 2021 жылғы 5 тамыздағы №76 бұйрығының 30-тармағын басшылыққа ала отырып, білім алушыларды ауыз сумен қамту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1.Мектеп асханасында және дәлізде ауыз су режимі ұйымдастырылсын. Ауыз су сыйымдылықтарға (графиндер, шәйнектер, бөшкелер және басқалар) өлшеп құйылған немесе ыдыстардағы ауыз су сапасы мен қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша нормалау құжаттарының талаптарына сәйкестігі қадағалансын.
2.Ауыз су режимін асханада ұйымдастыру аспазшы Г. Көбелековаға, дәліздердегі ауыз судың сапасы медициналық қызметкерлер А.Қаналыға, ауыз судың қолжетімділігі әлеуметтік педагог Э. Ахметоваға жүктелсін.
3. Бұйрықтың орындалуын қадағалау ауыз суға жауапты маман, директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Ш. Наурызбайға жүктелсін.
Мектеп директоры: Э. А. Бекжанова