Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуіріндегі №158 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 10 – қосымша «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай басшылыққа ала отырып, 2023-2024 оқу жылы 4 қыркүйек айынан бастап мектеп асханасынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, басқа отбасыларда тұратын балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылармен 1-4 сынып білім алушыларына 2023 жылға бекітілген бюджет көлемінде тамақтандырумен қамтамасыз етілуі ұйымдастырылды. 2023-2024 оқу жылында мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алатын 22 отбасының 59 білім алушы, алқалы басқару органы шешімімен 23 отбасының - 51 білім алушы және 1-4 сынып білім алушыларының жалпы саны 246 білім алушы тамақтануда.