«Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында он күндіктің ашылуы туралы Анықтама » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында он күндіктің ашылуы туралы Анықтама
15
сентябрь
2025

«Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында он күндіктің ашылуы туралы Анықтама

№ 21 жалпы орта білім беретін мектебінде «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында он күндіктің ашылуы туралы 

Анықтама

Мерзімі: 2025 жыл 15 қыркүйек

Мақсаты:  оқушылар арасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, денсаулықты нығайту және дұрыс тамақтану бойынша білімдерін арттыру.

      2025 жылдың 15 қыркүйек  күні мектепте «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында он күндік іс-шараның ашылуы өтті.

    Іс-шараның ашылуында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Ч.Жандарова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Э.Б.Тайбекова  мен бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған арнайы кездесу өткізілді. 

 Бұл іс-шарада оқушыларға дұрыс тамақтану туралы кеңестер беріліп, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, іс-шара барысында «Дұрыс тамақтанудың маңызы» тақырыбында  мектеп медбикесі: А.Қаналы  балаларға дәріс оқыды. 

Іс-шара аясында оқушылар  түрлі жеміс жидектер және көкөністер туралы тақпақтар айтылып,  денсаулықты сақтау және дұрыс тамақтану туралы түрлі ақпараттық материалдар таратылады. Бұл бастама балалардың тамақтану мәдениетін дамытуға және дұрыс тамақтану туралы түсініктерін нығайтуға бағытталған.

Іс-шараның аясында түрлі   іс-шаралар  өткізіліп, оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру мақсатында белсенді қатысуына ықпал ету жоспарлануда.

Іс-шараның нәтижесінде оқушылардың дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру арқылы денсаулықтарын сақтау, өмір сапасын жақсарту және болашақта өз денсаулықтарына дұрыс қарау дағдылары пайда болады.