4-9 сынып білім алушыларымен тұлғалық ерекшеліктерін дамыту мақсатында арт терапиялық жаттығулар жүргізілгендігі туралы » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 4-9 сынып білім алушыларымен тұлғалық ерекшеліктерін дамыту мақсатында арт терапиялық жаттығулар жүргізілгендігі туралы
29
январь
2024

4-9 сынып білім алушыларымен тұлғалық ерекшеліктерін дамыту мақсатында арт терапиялық жаттығулар жүргізілгендігі туралы

4-9 сынып білім алушыларымен  тұлғалық ерекшеліктерін дамыту мақсатында арт терапиялық жаттығулар жүргізілгендігі туралы 
анықтама
   Мерзімі: 29.01.2024 жыл
   Мақсаты: білім алушылардың ББЖМ алдындағы қорқыныш, үрей сезімінен арылту, тұлғалық ерекшелігінің дамыту.
   Жауапты: мектеп психологы Назаркулова А.С.
   Қатысқан сыныптар: 4 «а, ә», 9 «а, ә» 
   Қолданылған әдістер: арт – терапиялық жаттығулар 
   Барысы: Арт – терапиялық жаттығу түрлері баланың ұсақ моторикасын дамытып, есте сақтауын жақсартып, ұқыптылығын арттырып, ойлау және қиялдау сияқты таным формаларын дамытып баланың дамуына жағдай жасайды және арт – терапия баланың стресстік жағдайларын шешуге көмектеседі.
Жоспар: 
  1. Видеотерапия;
  2. Ойын терапиясы;
  3. Музыкотерапия;
  4. Ертегі терапия;
  5. Түстер терапиясы
Осы жоспар аясында жасерекшеліктеріне сай 4 «а, ә» сынып білім алушыларымен «Түстер терапиясы, ойын терапиясы» жүргізілді. Түстер терапиясы  барысында білім алушылар  ашық түстерді қолданып, өздеріне көтеріңкі көңіл – күй сыйлай алды. Әр бала үшін алақан бейнесі салынып сол алақанды бояу ұсынылды, бояулар бір – біріне үйлесімді және бала бойында үрей жоқ екендігі анықталынды.
9 «а,ә» сынып білім алушыларымен «Видеотерапия», «Ертегі терапия», «Музыка терапия» жаттығулары жүргізілді. 
Арт терапиялық жаттығулар барысында білім алушылардың  эмоционалдық ахуалы жақсарып, көңіл-күйлері көтерілді. Жүргізілген әр терапия қызықты әрі көңілді өтті.