Профилактика және психологиялық ағарту бағыты аясында «Мұғалім тұлғасының эмоциялық күйреуінің алдын алу» тақырыбында педагогикалық ұжыммен жүргізілген коучинг
Профилактика және психологиялық ағарту бағыты аясында «Мұғалім тұлғасының эмоциялық күйреуінің алдын алу» тақырыбында педагогикалық ұжыммен жүргізілген коучинг
Тренинг мақсаты:мұғалімдердің эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру арқылы білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету, өзіне деген сенімділіктерін арттыру
- «Сәлемдесу» жаттығуы
Психолог сөзі: Жылы жағымды сөз арқылы бастау, еркелету есімімен атау
Керемет! Яғни өз есімдеріңізді еркелетіп айтқанда көңіл-күйлеріңіз бір серпіліп қалды деп ойлаймын. Сондықтан балаларыңыздың көңіл-күйлеріне баса назар аударуларыңызды сұраймын. Мысалы: кейбір ата-аналар болады, балалары сабақтан келген кезде бүгін неше алдың деп жағасынан алып жатады. Әрбір ата-ана ең бірінші баланың көңіл-күйімен бөліссеңіздер, бала бойында ата-анам мені жақсы көреді, мен ата-анама керек екенмін деген жағымды ойлар арқылы психологиялық дамуына эмоциялық жағынан қоректендіре аламыз. Яғни балаға ата-ана мейірімділігін, қамқорлығын көрсете алмаса, онда балада эмоциялық проблемалармен қатар мінез-құлқында ауытқулар пайда болып, тіпті психикалық жүйке ауруларына да ұшырайды.
«Сағат тренингі»
1. Қолыңызды қысыңыз
2. Арқасын қағыңыз
3. Күлімсіреңіз
4. Қол бұлғаңыз
5. Көзіңізді қысыңыз
6. Тізелеріңізді түйістіріңіз
7. Қол ұстасып айналыңыз
8. Беттерінен сүю
9. Массаж жасаңыз
10. Арқаларыңызды үйкеңіз
11. Бір-бірлеріңізді еркелетіңіздер
12. Бір сөйлеммен тілек айтыңыз
"Бала мүсіні" жаттығуы барысында ата - аналарға әрқашан балаларыңызды құшағына алыңыздар, қыздарыңызбен сырласыңыздар балалардың жақсы тәрбие алуы сіздер мен біздердің қолымызда деген кеңестер берілді.
Жаттығу «Бақыт қалпағы».
Андерсенде «Бақыт әкелетін галош» ертегісі бар. Сол галошты киген адам бақытты болады. Галош оның барлық тілек армандарын орындаған.
Бүгін біз сол ойынды ойнап көреміз.Қазір «Бақыт телпегін» киіп бақытты болыңыз. Және әр ситуациялардан позитивті-жарқын көзқараспен шығуыңыз керек,бір – біріңізге көмектесуге де болады.
-Жұмысыңызды дұрыс жасамаған үшін директордан сөз естідіңіз.
-Сізге нашар оқитын сыныпты берді.
-Жұмыста айлықты уақытында бермей қалды.
-Сіз сабаққа келдіңіз, сыныпта тек қана 3 оқушы.
-Сіз жұмыстан кешігіп асығып келе жаттыңыз.Кенет аяқ-киіміздің өкшесі сынып қалды.
Сонымен ата-аналар бала тәрбиесі ең маңызды — мәселе. Ең басты – ата-ананың бала тәрбиесіндегі маңызы зор. Бүгін міне бала тәрбиесіне байланысты ойларыңызды ортаға салдыңыздар. Осы іс-шарамыздың соңында сіздерге мандарин ұсынғым келеді. Барлығыңыздың мандариндеріңізді ашыңыздар. Ашып ауыз тиюлеріңізге болады. Мандаринді берген мақсатым: Мандарин жемістің бір түрі. Өзі жұмсақ, нәрлі шырынында дәрумені көп жемістердің ішіндегі, тез көп жеміс беретін өсімдік. Мандарин қандай қасиеттерге ие болса, бізде балаларымызға жұмсақ мінез танытып, жан-жақты тәрбие берейік.
«Сілкіп таста» жаттығуы
Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер, иығыңызды сілкіңіздер. Осы сәтте өзіңізді жағымсыз сезімдерден арылғандай сезініңіздер.
Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңыз да болады, беттеріңізді сілкіңіздер.
Сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек, көңілді болудасыз немесе көңілді - күй жағдайдасыз.





