05
март
2025
Түзету-дамыту жұмысы аясында 8 сынып дарынды оқушыларымен жүргізілген «Эмоционалды интеллект» тренингі
Мақсаты: Эмоциялық интеллект дегеніміз не екенін түсіндіру, эмоциялық интеллектің құрамдас бөліктері туралы айту.
Жоспары:
1.Өз-өзіне сенімділік және өзін-өзі басқару:
Өз эмоцияларын түсіну және басқару қабілеті, өзін-өзі бақылап, теріс эмоциялардан арылу арқылы ішкі тепе-теңдікті сақтау.
2.Эмпатия: Басқа адамдардың эмоцияларын түсіну және сезіну қабілеті. Эмпатия – бұл адамдардың сезімдеріне құрметпен қарау және олардың жағдайына сәйкес әрекет ету.
3.Әлеуметтік дағдылар: Қарым-қатынаста тиімді болу, топта жұмыс істей білу, адамдармен өзара түсіністік пен құрметті қалыптастыру.
4.Мотивация: Эмоциялық интеллекттің маңызды бөлігі адамның ішкі мотивациясын тану, мақсатқа жетуге ұмтылу және қиындықтарға қарамастан табандылық таныту.
Эмоциялық интеллект адамның қарым-қатынас жасау қабілетін жақсартып, жеке өмірде де, жұмыста да табысқа жетуге көмектеседі.
Эмоционалды интеллект компоненттері
• Өзін-өзі тану: Өз эмоцияларыңызды түсіну және қабылдау
o Мысалы: Қай кезде көңіліңіз түсетінін білу
• Өзін-өзі басқару: Эмоцияларды дұрыс басқару
o Мысалы: Ашуланғанда тынышталу тәсілдерін қолдану
• Әлеуметтік тану: Басқалардың эмоцияларын түсіну
o Мысалы: Досыңыздың көңіл-күйін байқау
• Қарым-қатынас басқару: Басқалармен тиімді қарым-қатынас жасау
o Мысалы: Конфликттерді шешу және ынтымақтастық орнату
Неліктен эмоционалды интеллект маңызды?
• Жақсы қарым-қатынас жасауға көмектеседі
• Көшбасшылық қабілеттерін дамытады
• Стрессті басқаруға және депрессиядан сақтануға көмектеседі
• Шешім қабылдауды жақсартады
• Өмірдегі табысқа жетуге ықпал етеді
Эмоционалды интеллектіні қалай дамытуға болады?
• Өзіңіздің сезімдеріңізді байқаңыз
• Эмоциялардың себептерін түсінуге тырысыңыз
• Басқалардың көзқарасын түсінуге тырысыңыз (эмпатия)
• Өзіңізді басқару тәсілдерін үйреніңіз (медитация, терең тыныс алу)
• Қарым-қатынас дағдыларын жаттықтырыңыз (тыңдау, сұрақ қою)
ЭмИн диагностикасын орындау: ЭмИн диагностикасы — бұл эмоциялық интеллект деңгейін анықтауға арналған тест. Бағалау:
• Егер көп жауаптарыңыз а болса, онда сіздің эмоциялық интеллектіңіз жоғары деңгейде.
• Егер көп жауаптарыңыз б болса, сіздің эмоциялық интеллектіңіз орташа деңгейде және оны одан әрі дамытуға болады.
• Егер көп жауаптарыңыз в болса, онда эмоциялық интеллектіңізді дамыту қажет.
Бұл тест эмоцияларды тану мен басқаруға қатысты алғашқы түсініктерді береді. Жеке талқылаулар мен жаттығулар арқылы әр оқушының эмоциялық интеллектісін дамытуға көмектесуге болады.
Қорытынды
• Эмоционалды интеллект – табысты және бақытты өмірдің кілті
• Эмоционалды интеллектіні дамыту – үздіксіз процесс
• Өзіңізге сеніңіз және дамуға ұмтылыңыз!

Видео
Жоспары:
- Эмоциялық интеллект дегеніміз не?
- Эмоциялық интеллект бірнеше негізгі құрамдас бөліктері
- Эмоционалды интеллект компоненттері
- Эмоционалды интеллектіні қалай дамытуға болады? Кеңес беру
- ЭмИн диагностикасын орындау
- Психологиялық жаттығулар
- Қорытынды