«Болашаққа қамқорлық бүгіннен басталады» «Қыздың жолы жіңішке...» тақырыбында психологиялық кеңес беру » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Болашаққа қамқорлық бүгіннен басталады» «Қыздың жолы жіңішке...» тақырыбында психологиялық кеңес беру
20
сентябрь
2022

«Болашаққа қамқорлық бүгіннен басталады» «Қыздың жолы жіңішке...» тақырыбында психологиялық кеңес беру

10-11 сынып қыздарымен «Болашаққа қамқорлық бүгіннен басталады» 
«Қыздың жолы жіңішке...» тақырыбында психологиялық кеңес беру жұмыстары жүргізілгендігі туралы анықтама
Мерзімі: 20 қыркүйек 2022ж
Қатысқандар: 24 қыз
Жауапты: мектеп психологтары
Мақсаты: қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез – құлық сипатын қалыптастыру. Оқушыларды бір – бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым – қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға, өзара жағымды қарым – қатынасын арттыру, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Барысы: 
  • «Қыз қылығымен сүйкімді» «Қыздың жолы жіңішке ….» 
Ешқашан ешкімді жамандама, ең жаман адамның да өз жақсылығы болады.
Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, оның жымиғаны да жетеді.
Әдепсіз қыз шеше атына кір келтіреді.
Есті қыз етегін қымтап ұстайды.
Қыз баланың сүйреңдеп көп сөйлемегені абзал.
Барынша сабырлы, ақылды, әдепті бол!
  • Пікірталас
Жүргенде сендер тамаша-ақ,
Қазақтың ғажап даласы.
Өздеріңсіңдер болашақ,
Ұрпақтың ұлы анасы-дегендей ұлттық дүниетаным, ұлттық салт-дәстүрлеріміздің қыз бала тәрбиесінде қаншалықты рөлі бар?
     Аяулы ару қыздар, көрікті көктемдегі
Тамаша сіздерменен өмірдің өткелдері
Жанарды жалт еткізіп, біздерге қараңыздар
Осылай көңілдерге шуақ боп тараңыздар- қазіргі заман талабына сай қыз бала өзін қалай ұстауы керек, бұрынғы қазақ қыздарының қылығы мен қазіргі қазақ қыздарының қылығының қандай айырмашылығы бар?
         Бүгінгі күнде көптеген бойжеткендеріміздің салғырттыққа салынып, өмірдің қараңғы жағына бет бұрып кетулеріне қандай себеп бар?
      «Ақыр заман болғанда, су тартылар
       Қарап тұрған жігітке қыз артылар» — деген болжаудың бүгінгі тыныш заманда қаншалықты ақиқаттық мөлшері бар?
  • Сұрақтар?
  • Қыз баланың бойындағы қасиеттер қанда болу керек?
  • Қыз балаға қандай міндеттер жүктелген?
  • Бсқа ұлттарға қарағанда қазақ отбасында қыз ала тәрбиесінің ерекшелігі қандай?
  • Қазіргі отбасындағы қыз баланың тәрбиесі қандай?
  • Ерте жүктілік немен қауіпті?
   Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры,эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады.
   Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені.
   Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес!
  • Қыздарға арналған психологиялық кеңес (жаднама
  • Қыздарға арналған 40 кеңес
    1. Өз-өзіңізді жақсы көріңіз. Сонда өмір сүру әлдеқайда жеңіл болады. 
    2. Бірге жүрген қыздардың бәрі әрқашан қасыңыздан табыла бермейтінін ұмытпаңыз. 
    3. Егер шынайы дос тапсаңыз, қандай қашықтықта болса да, достық қарым-қатынасыңызды үзбеңіз.
    4. Дүниеге қызықпаңыз, ол сізді бақытты етпейді. 
    5. Қандай жағдайға кезіксеңіз де, ешкімді кінәламаңыз, қатені алдымен өзіңізден іздеңіз. 
    6. Әжеңізбен жиі уақыт өткізіңіз, ол сізге көп нәрсе үйретеді.
    7. Есте сақтаңыз: белгілі бір мәселеге тіреліп, өмір тоқтап қалмайды. Өйткені жаңбырдан кейін де күн шығады.
    8. Барлық нәрсеге шайқаса берудің қажеті жоқ.
    9. Өзіңізді өзгелермен салыстырмаңыз, ол сіз секілді ешқашан бола алмайды.
    10. Сезіміңіз соншалықты берік болса да, махаббатқа қатты берілмеңіз. Себебі сіз өз-өзіңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін.
    11. Әдемі әрі сауатты сөйлеп үйреніңіз, ол сізге өмірде міндетті түрде көмектеседі.
    12. "Жоқ" деп айтудан қорықпаңыз, оның да пайдасы бар.
    13. Өмір тек бір-ақ рет беріледі. Сондықтан оны өкінбейтіндей етіп сүруге тырысыңыз. 
    14. Жігіттердің артынан жүгірмеңіз, керісінше олар сіздің артыңыздан жүгіруі керек.
    15. Жақсы сөз - жарым ырыс екенін естен шығармаңыз. Оны айтып та, қабылдап та үйреніңіз.
    16. Өзгелердің де, өзіңіздің де алдыңызда адал болыңыз.
    17. Жалғыздықтан қорықпаңыз. Ол өздігіңізден дамуға көмектеседі.
    18. Өз сезіміңізді жеткізуден қорықпаңыз.
    19. Дауласқыңыз келсе дауласыңыз, бірақ 8-ереже есте болсын.
    20. Білім - керемет күш. Жан-жақты болу үшін әртүрлі кітап оқыңыз.
    21. Өз біліміңізді жетілдіріңіз.
    22. Өзіңізді қандай жағдайда да алып шығуыңыз керек.
    22. Қателіктерден сабақ алатыныңызды ұмытпағайсыз.
    23. Күніне бір рет болса да айналаңыздағы адамдарға жақсылық жасауға тырысыңыз.
    24. Тәрбиелі жанұядан шыққаныңызды көрсетіңіз. Сонда сіз жайлы тек керемет пікірлер айтылатын болады.
    25. Тек үлкендермен ғана емес, өзіңіздің қатарластарыңызбен және жасы кіші адамдармен де сыпайы болыңыз.
    26. Сіздің сөздеріңізден гөрі істеріңіз сіз жайлы көп нәрсеге көз жеткізетінін біліп жүріңіз.
    27. Сезіміңізді жасырып емес, айтып біліңіз.
    28. Қарапайым заттардың өзінен көркемдік көруге тырысыңыз.
    29. Теріңізге жас кезіңізден абай болыңыз. Күнге қарсы иісмайлар пайдаланыңыз. 
    30. Сізді жақсы көретін жандармен жақын болыңыз. 
    31. Қандай қиыншылыққа кез болсаңыз да, еңсеңізді түсірмей, басыңызды тік көтеріп жүріңіз. 
    32. Өзіңіздің көз жасыңыздан қорықпаңыз. Өйткені одан жаңа күш, серпіліс таба аласыз.
    33. Күлкі - жаныңызға да, денеңізге де ем.
    34. Сөзбен жұбата да, жылата да аласыз. Сондықтан сөйлемес бұрын ой сүзгісінен өткізіңіз.
    35. Кешірім сұрау кішіліктің емес, кісіліктің белгісі.
    36. Алға қойған мақсатқа жету үшін талмай еңбектенуіңіз керек. 
    37. Өз-өзіңізді қамтамасыз етіп үйреніңіз.
    38. Өзіңіздің бағаңызды ешқашан түсірмеңіз. 
    39. Сіз өзіңіз ойлағаннан да жоғарысыз.
    40. Өмір дегеніміз - бүгінгі күн. Кешегі де емес, ертеңгі де емес. Бүгінгі күнмен өмір сүріп, бақытты болыңыз

     
    Қорытынды: психологиялық кеңес беру барысында оқушы қыздармен «Қыздың жолы жіңішке...» тақырыбында әдептілік кеңесі айтылды, пікірталас жүргізіліп, сұрақтарға жауаптар алынып, оқушыларға жаднамалар таратылды.  Қыздар топтық кеңеске белсене қатысып жақсы әсер алғандарымен бөлісті.