11 «а» сынып оқушыларымен ҰБТ дегеніміз не және оның мен үшін маңыздылығы қандай? тақырыбында жүргізілген тренинг туралы
Мерзімі: 12 қазан 2022жыл
Қатысқандар: 18 оқушы
Жауапты: мектеп психологы: Назаркулова А.С.
Әдісі: презентация, бейнеролик, тренингтік жаттығулар
Мақсаты: ҰБТ-ның ерекшеліктерімен бітіруші түлектерді таныстыру.
Тренинг ережесі:
- «Амандасу» жаттығуы
v «Ассоциация» жаттығуы
v Ойландыру
v «Кедергі» жаттығуы
v «Мен неге қол жеткізгім келеді?» жаттығуы
v «Қар қиыршықтары» жаттығуы
- Ник Вуйчичтің мотивациялық бейнеролигі
Барысы:
«Амандасу» жаттығуы
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Шеңберде бір-бірімен ерекше амандасады. Мысалы: бір-біріне қарап жымиады, күледі, құшақтайды, екі қолымен, иықпен, аяқпен амандасады.
«Ассоциация» жаттығуы
Қатысушыларға нұсқау беріледі: «Ассоциация – бұл естіген немесе көрген зат жайында соған қатысты ойлардың басыңа келуі. Ең бірінші сізге қатысушының айтқан сөзіне байланысты ассоциация ойлау керек. Көп ойланбауға тырысыңыз, ойыңызға тез түскен нәрсені атауыңызға болады. Ал мен бастаймын:
«Емтихан...», «Сынақ....», «Тест...»
Ақпарат
ҰБТ – бұл әр пән бойынша тегін емтихан жүйесі. ҰБТ қорытындылары мектеп аттестаты мен жоғары оқу орнына түсу кезінде жарамды болып табылады. Әр пән бойынша емтихан сұрақтары мен тапсырмалары әр түрлі типте болады. ҰБТ тапсыру процесі үшін: емтихан жоғары мобильділік, тез қабылдағыштық, жоғары дәрежеде зейіндішоғырландыру қажет.
Ойландыру
Ең маңыздысы оқушылар өздері ҰБТ жайында ой қалыптастырғаны жөн. Сондықтан да «ҰБТ маған не бере алады?» деген тақырыпта ой түйіндеген жөн. Оқушылардың мынадай сұрақтарға жауап іздеулерін қарастыру керек: ҰБТ мен үшін дәстүрлі үлгідегі емтихан және оның мен үшін маңыздылығы неде?
«Кедергі» жаттығуы
Нұсқау: Оқушыларға шеңбер болып тұрады. Психолог шеңберді оқушыларға береді. Барлығы қолдарынан ұстайды. Шеңбер екі адамның ортасына қойылады. Ары қарай қатысушылар шеңберден түбегейлі өтуі керек.
«Поезд» жаттығуы
Мақсаты: бір-біріне қолдау көрсету, топтағы ауызбіршілікті арттыру.
Нұсқау: ең біріші өзіне сенімсіз және сенімді қатысушы ортаға шақырылады. Барлық қатысушылар поезд жасау нұсқауы беріледі. Сенімсіз адам көзін жұмып алға тұрады, сенімді қатысушы поезд соңында тұрады. Кедергілерден барлық қатысушылар қиындықсыз өтіп шығу керек.
«Мен неге қол жеткізгім келеді?» жаттығуы
Мақсаты: жеңіске жетуге талпындыру.
Нұсқау: Бірнеше уақыт тыныштықта отырып, мен неге қол жеткізгім келеді деп ойланыңыз. Сіз ол үшін не істеу керек екенін анықтаңыз. Сіз осы ойыңызды сөзсіз, мимика, ым-ишара көмегімен көрсете аласыз ба?
Талдау
- Маңызды мақсатты таңдау қиын болды ма?
- Өз мақсатыңызға жету үшін не істеу керек?
- Сіздің мақсатыңыз ірі ме әлде ұсақ-түйек пе? Әлде қазіргі жетістіктеріңіз бе?
«Қар қиыршықтары» жаттығуы
Нұсқау: Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да бүктейміз, оң жақ жоғары бұрышын жыртып аламыз. Тағы да ортасынан бүктеп, оң жақ жоғарғы бұрышын жыртамыз. Осылай мүмкіндігінше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.
Талдау: – Кімде бірдей, бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Таптыңыздар ма?
Жоқ. Себебі неде деп ойлайсыздар?
— Не себептен бәрімізде бірдей ақ қағазбен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды?
— Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әртүрлі шықты. Өйткені біз әртүрлі адамдармыз. Біздің ата-аналар мен мұғалімдер қоғамдағы орнымыз, қызметіміз, жан дүниеміз бәрі әр түрлі. Ал оқушыларға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, ойлауы, дүниетаным, көзқарасы – бәрі әр түрлі. Бірақ, бәріміздің бірге жиналуымызда себеп бар – ол ҰБТ, одан жақсы жетістікке жету. Қоғамдағы орнымыз бен рөліміз әр түрлі болса да, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір.
Қорытынды: оқушылармен ҰБТ-дің маңыздылығы жайында толық ақпарат алып түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқушыларға мотивациялық бейнеролик ұсынылып, ұсынылған бейнероликтегі Ник Вуйчичтың өмірі, қалай өмірге деген құлшынысы оянғандығы жөнінде көріп, балалардың өздерінің өмірлеріне деген көзқарастарын өзгертуге септігі тиді деген ойдамын. Жалпы оқушылар белсенді қатысты, ойларымен бөлісті.