23
ноябрь
2022
"Өмір деген ғажайып, өмір деген тамаша"
Психологиялық денсаулықты нығайту айлығы барысында 10-11 сынып оқушыларымен «Өмір деген тамаша-өмір деген ғажайып» тақырбында семинар-тренинг өткізілгендігі туралы анықтама
Мерзімі: 23 қараша 2022ж
Қатысқандар: 10-11 сынып оқушылары
Жауапты: мектеп психологы А.С. Назаркулова
Мақсаты:
— өмір адам баласына бір -ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету.
— адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту. Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту.
— балалардың ойын ашу, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.
Тренинг жоспары:
1. Кіріспе
2. «Дос, достыққа» сергіту ойыны
3. Топтас, ойлан, талқыла (постер қорғау)
Өмірде адамзат үшін қауіпті істер- 3 қауіптіні талдау
Өмірде адамзат үшін пайдалы ітер – 3 пайдалыны талдау
4. «Бәрі жұлдыздар» жаттығуы
5. «Мен сені сүйем өмір» ән айту
6. Қорытынды: « Жүрекшедегі тілектер»
І. Кіріспе сөз
«Дән көтерген құмырысқаға тимеңдерші, алысқаны өмір ғой, өмір сондай абзал ғой»- деп Фирдоуси айтқандай;
Өмір, өмір! Өмірдің мәні қандай?
Қайратыңды жігерге жанығандай.
Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып
Достықтарың жарасып дәл осылай.
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдар бірақта шыдатады, Мына өмір бірақта қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.
Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өмірді түсіне білу, қабылдау, өзіңді өзің қадірлеу.
ІІ. «Дос, достыққа» сергіту ойыны
Нұсқау: Қазір сіздер өте қызықты ойынды ойнаймыз. Ол үшін жасалатын қимылды тез-тез жасау керек. 5 секундтың ішінде өзіңізге серіктес тауып алыңыз да тез-тез онымен қол алысыңыз. Ал енді бір-бірімізбен сәлемдесеміз: Оң қол оң қолмен, сол қол сол қолмен, оң тізе оң тіземен, оң шынтақ оң шынтақпен, оң иық оң иықпен, оң аяқ оң аяқпенмаңдай маңдаймен, арқа арқанмен. «Дос достыққа» дегенде жұбымызды ауыстырамыз.
ІІІ. . Топтас, ойлан, талқыла (постер қорғау)

Адам өмірінің мәнді де мағыналы болуы оның пейілі, ниетінің таза, алға қойған мақсатының жарқын болуына байланысты. Өмір тек жақсылыққа құрылғанда ғана адам бақытқа қол жеткізеді, өзгелердің өмірін де жарқын ете алады.
Біздің өміріміз – ол туралы не ойлайтындығымызда екендігін естен шығармай, өз ақыл-ойыңызды тыныш өмір, үміт, денсаулық туралы ойлармен толықтырыңыз.
Ешқашан да өзгелерден кек алуға тырыспаңыз, себебі, сіз олардан гөрі өзіңізге зиян келтіресіз.
Бақытқа қол жеткізудің бірден-бір жолы-жасаған жақсылығыңызға біреулердің алғыс айтуын күту емес, алдымен жақсылық жасау және сол арқылы алғысқа бөлену. Алғыс айта білу-көрегенділіктің, тәрбиенің нәтижесі екендігін есте ұстаңыз. Сәтсіздіктердің емес, қуанышты күндеріңіздің есебін жүргізіңіз. Ешкімге ұқсамауға тырысыңыз. Өмір сізге ашты дәмін тарттырса, сіз оны тәтті дәмге айналдыруға тырысыңыз.
Мазасыз жаман, жағымсыз, мағынасыз ойлар адамды психикалық, тәндік жарақатқа шалдықтырып, тіпті қиындықтарға да әкеліп соғады.
Әрине дұшпаныңа күлкі, достарыңа, ең қымбат адамыңа, ата-анаңа, бауырларыңа орны толмас өкпе-реніш, қасірет әкелесің, одан басқа ештеңе жоқ. Өмірдегі кездесетін сәдсіздіктерді, түсініспеушілікті уақытша қиындық, сен шеше алатын мәселе, формуласыз есеп деп қабылдау керек. Әр нәрсенің ақырын шыдамдылықпен күтіп ,не істесеңде ойланып істеуге үйрену керек. Сабырлы, шыдамды, төзімді болуды үйрен . Өмірде бәріде өткінші екенін ұмытпа.
Мысалы: Дінде “ Алла саған өмір берді, сол Алланың бұйрығымен өміріңді Алла ғана алады” делінген. Өзіне қиянат жасау, ауыр, балағат сөйлеу үлкен күнә болып есептелінеді. Міне сондықтан ондай ойлардан аулақ болайық.
4. «Бәрі жұлдыздар» құм терапиясы
Бұл жаттығуды жасау үшін тағы да 3-4 рет терең дем алып, көзімізді жұмамыз. Өміріңіздегі кездескен, өзіңізді жұлдыздай сезінген сәтті есіңізге түсіріңіз. Бұл қандай оқиға еді? Жан дүниеңіз қандай сезімдерге тола болды? Қасыңызда сол сәтте кім болды? Сізге арнап жағымды сөздер айтты ма? Сонда не айтты? Қандай эпизод сіздің есіңізге түсіп тұр?… Есіңізге түсіріп болсаңыз, басыңызды изеңіз де, жайлап қана көзіңізді ашыңыз. Барлығымызда да еске түсетіндей кезеңдеріміз болды ма?
5. «Мен сені сүйем өмір» ән айту сынып оқушыларымен караоке айтып, балалар өмірді жандарымен түсініп, ән арқылы шығара алды
Қорытынды: оқушылар тренинг соңында «Жүрекшедегі тілектер» таратылып, белсене қатысып өз кері байланыстарын жасады, тренинг өз дәрежесінде өтті.