Материалы за Март 2022 года » Страница 2 » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Март 2022 года » Страница 2
«Ана бақыты –бала бақыты»
04
март
2022
«Ана бақыты –бала бақыты»
5 сынып жетекшілері Ф.Беридзе  және А.Турдиеваның ұйымдастыруымен әйелдер мерекесіне орай  «Ана бақыты –бала бақыты» тақырыбында аяулы аналармен кездесу кеші ұйымдастырылды. Мақсаты: Школьникам аналарын құрметеуін ,ардақтауын сезіндіру. Кездесуге Ф. Амрулаева, Т.Новосельцева, Р.Яроманова, О. Долженко, Э.Сулейманова қатысып, балалардың өнерін тамашалап, оқушыларға алғысын айтты.
«Ардақты менің анашым»
04
март
2022
«Ардақты менің анашым»
8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай «Ардақты менің анашым» тақырыбында 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: жалпы әйел адамдарды құрметтеп, отбасының жарығы ана екенін, аяулы әженің ақылының құнды екенін, әрқашанда қыз балаларды сыйлап қамқорлық таныту керектігін түсіндіру. Оқушылар мерекені ән мен би әлемін ұштастырып, өздерінің жүрек жарды сөздерін аналарына жеткізді.
"Менің әжем- асыл әжем " атты әжелер сайысы
03
март
2022
"Менің әжем- асыл әжем " атты әжелер сайысы
21 Жалпы орта білім беретін мектебінде "Менің әжем- асыл әжем " атты әжелер сайысы өтті. Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету,әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану мақсатында өтті. Сайыс барысында әжелер өз өнерлерін көрсетіп, үйден дайындап келген қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарын түсіндірді.Мектеп әкімшілігі әжелерге ризашылығын білдіріп,"Алғыс хатпен" марапаттады.  
«Сыйынар ем АНА  деген тәңірге»
03
март
2022
«Сыйынар ем АНА деген тәңірге»
8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай мектеп парламенті және ДҚТЖО Ж.Ж. Жакипбекованың ұйымдастыруымен «Сыйынар ем АНА  деген тәңірге» тақырыбында мерекелік іс-шара  өткізілді. Мерекелік концертке мектеп оқушылары қатысып, керемет көңіл күй сыйлады. Концерт барысында көңілді ән, би, ойындар ойнатылды. Мерекелік іс-шара жоғарғы деңгейде өткізілді. Мерекелік іс шараға зейнетке шыққан ұстаздар: Рысбаева Д.Ү. мен Лощинина О.И. шақырылып, оқушылардың өнерін тамашалады.
"Жомарт түлек"
02
март
2022
"Жомарт түлек"
 1997 жылғы мектеп түлегі «Әділжан» ИП жеке кәсіпкер Мустафаев Дамир Басырұлы аз қамтылған төрт отбасы балаларын 40 000 тенге көлемінде азық түлікпен қамтамасыз етті.
Ақын Төлеген Айбергеновтың туылғанына  85 - жылдығы
02
март
2022
Ақын Төлеген Айбергеновтың туылғанына 85 - жылдығы
 Ақын – Төлеген Айбергеновтың шығармаларын зерттеу мақсатында мектепте 10 сыныптар арасында   библиографиялық шолу ұйымдастырып өткізілді. Іс – шара барысында білім алушылар қазақтың талантты ақыны Төлеген Айбергеновтың өмірі мен шығармашылығы туралы терең білім алып,өлеңдерімен шығармашылығы туралы дүниетанымдарын кеңейітті.                                                Дайындаған:Наурызбай А.Б                                                                      Линник А.С.
Назад 1 2 Вперед