БОС ОРЫНҒА КОНКУРС » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » БОС ОРЫНҒА КОНКУРС
27
август
2022

БОС ОРЫНҒА КОНКУРС

"Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімінің «№21 жалпы орта білім беретін мектебі» отдела образования Кордайского района"
 БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
📌Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының  (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
📌Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz" және   мектебіміздің ресми сайтына жарияланады. 
1. Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі -орыс сыныбында  1 бірлік ( уақытша - 16 сағ);                                    
 Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және арнаулы орта  педагогикалық білімі бар жас маман немесе педагогикалық өтілі бар болған жағдайда  қайта даярлаудан өткендігін растайтын құжат, еңбек өтіліне талап қойылмайды;
 Білуге міндетті:Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.
 Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
       1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
       2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
       3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
       7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
       8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
       9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ЕНТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

Конкурстық құжаттар Андас батыр ауылы, Әбен Шотай улица № 44 үй. мекен-жайында орналасқан «№21 жалпы білім беретін мектебі»  КММ қабылдау бөлімінде қабылданады

 Құжат қабылдау мерзімі: 2022 жылдың 27.08-07.09 аралығында жүргізіледі.
📌Конкурс өткізілетін орын: 
 Мекеменің мекен-жайы: Андас батыр  ауылы, Әбен Шотай улица № 44 үй.
 Анықтама, байланыс номері: 872 63225128
 Электрондық пошта:  merke21@mail.kz