28
март
2023
«Жас жолаушы және жол жүру ережесі» тақырыбында дәріс
2023 жылы 28 наурыз күні білім алушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтай білуге тәрбиелеу мақсатында Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ аға УПИ полиция майоры Б.Дауренбеков 8 сынып білім алушылары арасында «Жас жолаушы және жол жүру ережесі» тақырыбында дәріс өткізді.
Түсіндірме жұмысы барысында көшеде жүру тәртібін дұрыс орындамау қауіпті жағдайдың туындауына алып келуі мүмкін екендігін , көшеден өту үшін арнайы белгіленген жермен жүрген дұрыс екені айтылды.
Жолда келе жатып көрінген машинаны байқасаң өткізіп жіберу керектігі және көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өту қажеттілігі түсіндірілді. Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүру дұрыстығы айтылды.Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбау қажет,жолда жүргенде музыканы дауысын қатты қойып тыңдауға болмайды, ол қатер тудырады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулері жарақат алады,ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын жол қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықты мұқият тыңдап,жол ережелерін бұзбауға әдеттенулері қажет екенін түсіндіріп өтті. Жол қозғалысы ережелерін сақтамау – қайғылы оқиғаға алып келуі мүмкін екенін жасөспірімдердің естеріне салды. Кәмелет жасқа толмаған азаматтардың көлік басқаруына жол бермеу сияқты ережелерді басты назарда ұстау керектігін талап етті.
Все реакции:5Эльмира Ахметова, Нургали Бакыт и ещё 3