Тіл-кемел болашақ тұғыры» » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » Тіл-кемел болашақ тұғыры»
05
сентябрь
2023

Тіл-кемел болашақ тұғыры»

«Тіл-кемел болашақ тұғыры»

5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне орай, Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, Қазақстан халықтары тілдерінің мәртебесін көтеру мақсатында «Тіл-кемел болашақ тұғыры» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті.
Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің өзіндік себебі бар. Бұл күн - «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы-тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған
А.Байтұрсынұлының туған күні.
Іс-шара барысында оқушылар ана тілі туралы өлеңдер оқып, әннен шашу шашты. 7 «Ә» сыныбының қыздарынан құралған «Балауса» би тобының «Қазақ биі» кештің көркін кіргізді.
Сонымен қатар, онкүндіктің іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Тілдер мерекесіне және қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы А. Байтұрсынұлының туған күніне орай, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен алдағы онкүндікте танымдық сабақтар, дөңгелек үстел, интелектуалдық сайыстар, пікірталас алаңы, эссе, шығарма байқаулары өтетін болады.