29
февраль
2024
«Өмірімнің өнегелі жолы» тақырыбында еңбек ардагерлерімен кездесу
2024 жылдың 29 ақпан күні №21 жалпы орта білім беретін мектебінде «Өмірімнің өнегелі жолы» тақырыбында ауылдың еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: ауылға ерен еңбегі сіңген ардагерлердің өнегелі өмір жолын насихаттау. Іс–шара барысында ауыл ардагерлері : Ә. Пралиева, Б.Кантарбаев, Ф.Сулейманов, Э Бекжанова, Г.Текебаева, А.Шляхова , Е.Солтанкулов еңбек жолдары туралы ой бөлісіп, қызықты сәттерін еске алып, сұхбат алмасты. Іс-шара білім алушылардың музыкалық өнерімен жалғасты.Кездесу барысында ата-ана комитетінің төрайымы А.Назаркулова қонақтар мен білім алушыларды "Алғыс айту" күнімен құттықтап, мектеп ұжымына ризашылығын білдірді.




