«Қыз бала гигиенасы және жүктіліктің алдын алу » » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » «Қыз бала гигиенасы және жүктіліктің алдын алу »
17
январь
2025

«Қыз бала гигиенасы және жүктіліктің алдын алу »

Мектепте ағымдағы жылдың 17  ақпан күні 8-9  сынып қыздарымен «Қыз бала гигиенасы және жүктіліктің алдын алу » тақырыбында медицина қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты-салауатты өмір салтын қалыптастыру және мектеп жасындағы қыз балалалардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу . Кездесуге Андас батыр ауылдық емханасының салауатты өмір салты мамандары З.Джанабатырова, әлеуметтік қызметкер Шердалиева Сания, акушер Дайрабаева Жұлдыз қатысты. 
 Дәрігерлер ерте басталған сексуалдық белсенділік, келешекте жаман нәтижеге әкелетінін айтты. Өскелең жастар мораль және жыныс тәрбиесі бойынша медбикеге сұрақтар қойды.  Контрацепцияның әр түрлі қолжетімді әдістері, жыныс арқылы берілетін жұқпалардың алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізілді. Сұхбаттасу барысында ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан- жас ағза оған әлі дайын емес, әлеуметтік тұрғыдан – бейберекет жыныстық қатынасқа түсетін жас қыздың алдында күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланды. Қаламаған жүктіліктің алдын алу, жыныстық мінез-құлықтың адамгершілік сұрақтары бойынша бейнероликтер көрсетілді. 
Мектеп медбикесі  Қаналы А.: Ерте жүктілік қауіпті ме? Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді, жүрек қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме түседі. Қыз балалардың ағзасы осындай
әзір емес екенін ескертті.
Мамандармен әңгіме ашық жүргізілді. Қыздар пікірлерін айтып, сұрақтар қойды, талқылауға белсене қатысты.