02
сентябрь
2025
«Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары










Мектепте 2025 жылдың 2 қыркүйеk күні Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігін дәріптеу, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру мақсатында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен таныстырылып, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен даму жолдары туралы мәлімет алды, оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастырылды, Қазақстан Республикасының жетістіктері насихатталып, әрбір жас ұрпақ туған елінің патриоты болуға тәрбиеленді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, «Отан», «Тәуелсіздік», «Қазақстан болашағы» ұғымдары төңірегінде пікір алмасты. 5–11 сыныптарда интерактивті әдістер қолданылып, топтық жұмыстар мен шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды.