"Нағыз ер азамат болу - намыс пен жауапкершілік » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » "Нағыз ер азамат болу - намыс пен жауапкершілік
14
январь
2026

"Нағыз ер азамат болу - намыс пен жауапкершілік

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының "Заң және тәртіп" құндылығы аясында 2026  жылдың 13 қаңтар күні  мектепте  АӘД жетекшісі С.Дарханбаевтың ұйымдастыруымен  «Нағыз ер азамат болу – намыс пен жауапкершілік» тақырыбында тәрбиелік бағыттағы кездесу өткізілді.Кездесудің мақсаты – білім алушыларға ер азаматқа тән асыл қасиеттерді (намыс, жауапкершілік, адалдық, батылдық, отансүйгіштік) насихаттау, ұл балалардың тұлғалық қалыптасуына оң ықпал ету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.Іс-шараға мектеп директоры Э.Бекжанова, ДТЖО Э.Тайбекова, ауыл ақсақалдар кеңесінен С.Аманжолов , қамқоршылық кеңесінің төрағасы Т.Альжанов, әкелер кеңесінен Е.Набиев, М.Салықбаев , мектеп психологы Ж.Кикбаева, мектеп тәлімгері А.Дуанабаева және білім алушылар қатысты. Кездесу барысында қонақтар өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ер азаматтың отбасы мен қоғам алдындағы жауапкершілігі, тәртіп пен адамгершілік құндылықтардың маңызы туралы ой қозғады.
Сонымен қатар оқушылармен ашық пікір алмасу жүргізіліп, сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Білім алушылар өз ойларын еркін білдіріп, ер азамат болудың мәні мен маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
Кездесу жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім, өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыс және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті.