"Ауған соғысының аяқталуына 37 жыл" » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » "Ауған соғысының аяқталуына 37 жыл"
16
февраль
2026

"Ауған соғысының аяқталуына 37 жыл"

№21 жалпы орта білім беретін мектебінде Ауған соғысының аяқталуына 37 жыл толуына орай ардагерлердің ерлігіне тағзым ету, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рух пен патриоттық тәрбиені сіңіру мақсатында әскери-патриоттық іс-шара жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға арнайы қонақтар келіп қатысты. Қонағымыз – Ауғанстан соғысының ардагерлері Қарабатыров Рахат Тұрсынәлиев, Қалдыбеков Хасен Наметович, Бажанов Сергей Евгеньевич, Селимов Мәжлис Мүгришаевич және 3-ші шекара бөлімінің бастығы, аға лейтенант Алпысов Али Санатұлы болды. Шара барысында қол күрес және эстафеталық жарыстар ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытып, өз күш-жігері мен бірлігін көрсетті. Сонымен қатар, «Андас батыр» әкімшілігі тарапынан ардагерлерге арнайы сыйлықтар табысталды. Іс-шара мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор деңгейде өтті.