«Ұлттық тағам» күніне ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды. » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » «Ұлттық тағам» күніне ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды.
17
март
2026

«Ұлттық тағам» күніне ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды.

2026 жылдың 17 наурыз күні  №21 жалпы орта білім беретін мектебінде 5–11 сынып білім алушылар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын насихаттау мақсатында «Ұлттық тағам» күніне ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды. 
Көрменің негізгі мақсаты – білім алушыларға қазақ халқының ұлттық тағамдарының маңызын түсіндіру, олардың шығу тарихы мен дайындалу ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту, сондай-ақ ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.
Көрме барысында білім алушылар қазақ халқының дәстүрлі тағам түрлерін таныстырып, әр тағамның құрамы, жасалу жолы және тарихи маңызы туралы жан-жақты мәліметтер ұсынды. 
 Сонымен қатар мектеп асханасында білім алушыларға ас мәзіріне сәйкес «Бесбармақ» тағамы ұсынылып, ұлттық тағамның ерекшелігі дәріптелді. Аталған іс-шара нәтижесінде білім алушылар ұлттық тағамдардың атауын, құрамын және тарихын меңгеріп, ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылықтары артты. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамып, ұжымдық жұмыс жасау дағдылары қалыптасты.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мектеп ұжымы мен білім алушылар тарапынан оң бағасын алды.