Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
17
апрель
2026

Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.

Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті
16 сәуір күні мектебімізде «Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ міндет» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты – білім алушылардың қауіпсіздігін сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Жиналыс барысында мектеп директоры Э. Бекжанова кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, оқушылардың тәртібі мен жауапкершілігі жөнінде баяндама жасады.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.Б. Тайбекова мектеп бітіру кеші, бастауышпен қоштасу, емтихан кезеңіндегі дастархан ұйымдастыру, сыйлықтарға ақша жинамау, заңсыз экскурсиялар мен жалдамалы автокөліктерді пайдалануға жол бермеу мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар мектептен тыс уақыттағы балалардың өмірі мен қауіпсіздігі ата-аналардың басты назарында болуы керектігін атап өтті.

Мектеп психологы А.С. Назарқулова ата-аналарға балалармен сенімді қарым-қатынас орнату, жас ерекшеліктері мен темпераментін ескере отырып тәрбие беру, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағытында пайдалы кеңестер берді.

ДҚТЖО Ж.Жакипбекова :  Кәмелетке толмаған балаларын күтіп- бағуға, тәртібіне, психикалық, адамгершілік- рухани дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауапкершілікте екендігі туралы ақпараттық - түсіндірме жұмыстарын жүргізіді. 
Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, бірлескен жұмыс бағыттары айқындалды.