07
октябрь
2021
«Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында тарихи-танымдық сағат
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылдың 7қазан күні № 21 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәні педагогтары: Иманбеков Б. М, Тазабекова С. Д, Б.Биназарованың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында тарихи-танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: Білім алушыларға 1986 жылы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір- қасиетін түсіндіру. Тарихи сағат барысында ұстаздар білім алушыларды Отан сүйгіштікке, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте сақтап, өз елінің патриоты болуға тәрбиеледі.


