"Ер есімі -ел есінде" атты кездесу » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » "Ер есімі -ел есінде" атты кездесу
03
декабрь
2021

"Ер есімі -ел есінде" атты кездесу

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 3желтоқсан  күні «Ер есімі -ел есінде» тақырыбында мектеп оқушыларының шекарашылармен кездесуі өтті. Кездесу мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке, ерлікке тәрбиелеу, шекарашы мамандығына тарту. Бұл кездесуге «Сыпатай батыр» шекара бақылау бөлімінің офицері Ғ. Қосмантай қатысып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен құрылған ҰҚК Шекара қызметінің батылдық пен табандылық танытқан  батырлары, шекара қызметінің тарихына алтын әріппен жазылған батыр Раджан Батырханов туралы әріден әңгіме қозғап, оқушыларды ерлікке үндеді. 1994 жылдың 28 қыркүйегінде жаумен болған қақтығыста шекарашылардың қайсарлықтары мен табанды әрекеттері жайында естеліктер айтып, бейнефильм көрсетті. 1993-2001 жылдар аралығында қазақстандық шекарашылардың міндетіне тәжік-ауған шекарасының 70 шақырымдық аумағын күзету жүктелген болатын. 1994 жылы «Шыңдығатай» деп аталған сол кездегі шекара заставасында өзінің Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жерінен өз еркімен тәжік-ауған шекарасына аттанған Раджан көрсеткен ерлік пен жанқиярлық үлгісі үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Шекарашы сол жолы патриоттық рухтың нағыз үлгісін көрсетті. Бүгінде еліміздің шығыстағы шебінде батыр шекарашының атында шекара бөлімшесі бар. Осындай кездесу  өскелең  ұрпақтың патриоттық рухтарын көтереді, Отан үшін отқа түсуге дайын болуға тәрбиелейді. Кездесуге 10-11 сыныптың ұл балалары қатысып, шекарашы әңгемесінен үлкен әсер алды.
ДТЖО Тайбекова Э.Б.