«Қызым, саған айтам» атты кездесу » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » «Қызым, саған айтам» атты кездесу
23
февраль
2022

«Қызым, саған айтам» атты кездесу

23 ақпан күні мектебімізде «Қызым, саған айтам» тақырыбында салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту мақсатында денсаулық сақтау мамандарымен кездесу өтті. Оған 8-сынып қыздары қатысты. Кездесу аясында оқушылар салауатты өмір салтын ұстану жолдарын үйренді. Мектеп  медбикелері А.Қаналы мен А. Рахимкулова  оқушыларға гигиена талаптарына байланысты ақыл- кеңес беріп, дәріс оқыды. Есірткі, ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндірді. ДТЖО  Э.Тайбекова қыздармен әңгімелесе отырып, ар-намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиеледі. Кездесу аясында  оқушылар сыныптас құрбыларының қадірін білуге, өзара сыйластық орнатуға, ата – баба салтын қастерлеуге , жаманнан жиреніп, жақсыдан үйрену туралы үйренді.