«Теміржол үстінде қауіпсіз мінез-құлық» тақырыбында дәріс » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » «Теміржол үстінде қауіпсіз мінез-құлық» тақырыбында дәріс
02
февраль
2022

«Теміржол үстінде қауіпсіз мінез-құлық» тақырыбында дәріс

Меркі аудандық білім бөлімінің 01.02.2022 №84 хаты негізінде   №21 ЖОББ мектебінде оқушылар және  ата-аналармен темір жол бойында, темір жол өткелдеріндегі қауіпсіздік  ережелерімен таныстыру  бойынша  іс- шаралар атқарылды. 2 ақпан күні 9 сынып оқушылары, ата -аналарымен  темір жол бойында, темір жол өткелдеріндегі қауіпсіздік  ережелерімен таныстырылды.
ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті Желілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Абсетов Азамат Бейбітқалиұлы : «Теміржол үстінде қауіпсіз мінез-құлық» тақырыбында дәріс оқып, темір жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтаудың өмірлік қажеттілігін түсіндірді. Ата- аналар мен балаларды темір жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелерімен таныстырды. Темір жол өткелдеріндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау  маңызы туралы толық мағлұмат берді. Темір жол бойында, вагон үстінде селфи түсіру қауіп қатері туралы ескертіп өтті. Полиция қызметкері Таналиев Н. оқушыларды  темір жол бойында жүру ережелері , өмір қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары жалғастырып, балаларды қызықтырған әр түрлі сұрақтарына тиісті жауаптар берді.