«Түлек 2022 -Жаңа Қазақстанның ертеңі!» » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » «Түлек 2022 -Жаңа Қазақстанның ертеңі!»
30
май
2022

«Түлек 2022 -Жаңа Қазақстанның ертеңі!»

№21 жалпы орта білім беретін мектебінде Балалар жылына арналған «Түлек 2022 -Жаңа Қазақстанның ертеңі!» атты салтанатты жиын мектеп алаңында ұйымдастырылып, өткізілді. Биылғы оқу жылын 56 түлек аяқтады. Мерекеге аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Д.Нұрпейсов, аудандық білім бөлімінің әдіскері C.Қалдыбай , Андас батыр ауылдық округінің әкімі Д.Қожамберді және білім саласының ардагерлері мен ұстаздар қауымы, ата-аналар қатысты.
Мерекені мектептің директоры Э.Бекжанова ашып, жас түлектерге егеменді еліміздің еңселі ұлы мен қыздары болуларына және қорытынды аттесттаудан сәтті өтулеріне тілек білдірді. Сондай-ақ , жиын барысында өзін өзі басқару ұйымының белсенділері алғыс хатпен марапатталды. Мерекелік жиында ата-аналар, алғашқы ұстаздар қатысып , ізгі тілектерін білдірді. Іс шара барысында «Аманат» кілтін тапсыру рәсімі өтті. Салтанатты жиын барысында мектеп бітірушілер ұстаздарға, ата-аналарға және мектепке шексіз алғыстарын білдіріп, өздерінің дайындаған шағын өнерлерін тарту етті. Мереке соңында түрлі-түсті шарлар аспанға ұшырылып, соңғы қоңырау соғылды. Қоңырау мектеп өміріндегі құлаққа жағымды шәкірт жүрегінде сақталатын ұмытылмас үн. Жүректері лүпіл қағып қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан сәтте, сыңғырлаған қоңырау үнімен болашаққа жол бастады.