«Табиғатты аялайық!» » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » «Табиғатты аялайық!»
15
июнь
2022

«Табиғатты аялайық!»

№21 жалпы орта білім беретін мектебінің «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде 2022 жылдың 15 маусым күні «Табиғатты аялайық!» тақырыбында табиғатқа серуен ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,табиғатты қорғауда жауапкершілікті қалыптастыру,табиғатқа деген мейірім мен ықыласын,табиғат байлықтары мен жан-жануар,өсімдіктерге жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу. Серуен аясында балалардың экологиялық мәдениеті қалыптастырылды, адам, жан-жануар, өсімдіктер үшін күн сәулесінің маңыздылығы туралы әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар,
табиғатқа қамқорлық керек екендігі, туған жердің табиғатына сүйіспеншілікпен қамқорлық жасап,қорғау-әркімнің міндеті екенін ұғынды.