16
сентябрь
2022
Асық ату ойынынан жарыс
№21 жалпы орта мектебінде ұлттық спорттық ойындарының «Асық ату», ойынынан үйірме жетекшісі А.Кантарбаевтың ұйымдастыруымен 16 қыркүйек күні оқушылар арасында мектепішілік жарыс өтті. Мақсаты: балаларды салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау, ұлттық сана қалыптастыру болып табылады. Аталмыш жарысқа мектептің 5-7 сынып оқушылары қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында ДТЖО Э.Тайбекова қатысушыларды құттықтап, ойындарына сәттілік тіледі. «Асық ату - қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Асықты әр қазақтың баласы ойнай білуі керек »,-деп командаларға сәттілік тіледі. «Асық ату» ойыны нәтижесі бойынша 1 орынды 7 сынып оқушылары Әділбек Байсұлтан мен Әділбек Бексұлтан, 2-ші орынды Ақынсарғау Санжар мен Алмабек Досхан, иеленсе, 3 орынға 6 сынып оқушылары Нұри Алижан мен Бекзада Нұрғиса ие болды. Жеңімпаздарды Андас батыр әкімі аппараты жанындағы «Жастар» орталығы инспекторы Н.Карабалаев диплом, алғыс хатпен марапаттады. 





