"Лучший дидактикалық қор-2019" көрме байқауы » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » » "Лучший дидактикалық қор-2019" көрме байқауы
21
январь
2019

"Лучший дидактикалық қор-2019" көрме байқауы

         Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2019 жылғы жылдық жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің арасында «Лучший дидактикалық қор-2019»  көрме – байқауының өтуіне байланысты №21 жалпы білім беретін мектебінде мектепішілік «Лучший дидактикалық қор-2019» көрме байқауы өткізілді.        Әдістемелік қызметте жаңашылдықты анықтау, мұғалімдердің белсенділігіне қозғау салатын ақпараттық орта қалыптастыру, талантты педагогтарды анықтау, қолдау көрсету және жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сапалы әдістемелік құралдардың қорын құру мақсатында қаңтар айының 19-да         №21 жалпы білім беретін мектебінде мектепішілік                                               «Лучший дидактикалық қор-2019» байқауы өткізілді.

Байқау екі бағытта ұйымдастырылды.

<!-- [if !supportLists] -->1.    <!-- [endif] -->Дидактикалық материалдар көрмесі.

<!-- [if !supportLists] -->2.    <!-- [endif] -->Панорамалық сабақ көрсету .

     Орыс тілі пәнінің мұғалімі Гейдарова С.М. 8 сыныпқа арналған электрондық оқулықтан осы сыныптың дидактикалық қорын көрсетті. Дидактикалық материал, бейнероликтер әр тарауға, әр сабаққа жүйелі құрылған. Мұғалімнің панорамалық сабағында «Попкорн», «Инсерт» әдісі және «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалау түрлері болды.

     Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айткулова А. С.  дидактикалық қордың пайдасы мен пайдалануы туралы слайд арқылы мағлұмат берді. 3 сыныпқа арналған ресурстар қорымен (аудио, бейне) таныстырып, жаңартылған білім мазмұнымен жұмыс жасай алатын ұстаз екенін дәлелдеді.

     Ағылшын тілі пәнінен А. Медеркулова  «Саяхат» тақырыбындағы панорамалық сабағында бейнефильмді қалай қолдану әдіс-тәсілін шебер көрсете білді.

          Қорыта келгенде, барлық әдістемелік бірлестік мұғалімдері                «Лучший дидактикалық қор-2019» көрме байқауына үлкен жауапкершілікпен ат салысты.               

         Әділқазы шешімі бойынша жоғары ұпай жинаған қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айткулова А.С., ағылшын тілі пән мұғалімі Медеркулова  А, орыс тілі пән мұғалімі Гейдарова С.М. аудандық «Лучший дидактикалық қор-2019» байқауына жолдама алды.

"Лучший дидактикалық қор-2019" көрме байқауы

 

"Лучший дидактикалық қор-2019" көрме байқауы

 

"Лучший дидактикалық қор-2019" көрме байқауы