12
август
2025
"АДАЛ АЗАМАТ" БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
"АДАЛ АЗАМАТ" ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ Астана, 2025 БАҒДАРЛАМАСЫ БІРТҰТАС ТӘРБИЕ Бағдарламасы
Астана, 2025
Мазмұны Тәрбие үштағанының идеологемалары 2 Тәрбие парадигмасын жаңарту 4 Кіріспе 6 Әр айдың іс-шаралары 9 Қолайлы білім беру ортасын құру және оның білім алушының мінез-құлқына әсері 10 Педагогтерге ұсынылады 11 Ата-аналармен және қоғаммен өзара әрекеттесу 12 Құндылыққа бағдарланған білім беруді оқу бағдарламасына кіріктіру 13 Тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру 14 Бағдарламаны іске асыру тетігі 17 БЛОК I Білім беру мазмұны мен сынып сағаттары арқылы құндылықтарды енгізу 18 Білім беру мазмұны арқылы құндылықтарды дарыту процесі 20 Тәуелсіздік және отаншылдық 22 Бірлік және ынтымақ 24 Әділдік және жауапкершілік 26 Заң және тәртіп 28 Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік 30 Жасампаздық және жаңашылдық 32 БЛОК II Әлеуметтік жобалар мен іс-шаралар арқылы құндылықтарды енгізу 34 Жобалар 35 Әлеуметтік жобалар мен іс-шаралардың тақырыптық күнтізбесі 36 «ҚАМҚОР» ЖОБАСЫ 38 «ЕҢБЕГІ АДАЛ – ЖАС ӨРЕН» ЖОБАСЫ 43 «SMART BALA» ЖОБАСЫ 48 «ШАБЫТ» ЖОБАСЫ 51 «ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ» ЖОБАСЫ 59 «БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ» ЖОБАСЫ 62 АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ 66 АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ 73 Пайдаланылған әдебиеттер 80.
Тәрбие үштағанының идеологемалары:
Ұлттық бірегейлік, Қоғамға қызмет, Экологиялық мәдениет.
«Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу» Қ.Тоқаев
Құқықтық мәдениет және медиа сауаттылық Буллингсіз әлем Тәрбие парадигмасын жаңарту.
Тәрбие парадигмасын жаңарту (Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзіне сәйкес)
Қазіргі қоғамның мәселелері Құндылықтар Вейп Тәуелсіздік және Отаншылдық Нашақорлық Бірлік және Ынтымақ Буллинг Жасампаздық және Жаңашылдық Вандализм Заң және Тәртіп Ысырапшылдық Лудомания Әділдік және Жауапкершілік Зорлықзомбылық Діни экстремизм Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік
Шешу жолдары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзі 17 маусым 2023 жыл Қазіргі қоғамның мәселелері Құндылықтар Вейп Тәуелсіздік және Отаншылдық Нашақорлық Бірлік және Ынтымақ Буллинг Жасампаздық және Жаңашылдық Вандализм Заң және Тәртіп Ысырапшылдық Лудомания Әділдік және Жауапкершілік Зорлықзомбылық Діни экстремизм Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік Тәрбиенің құндылыққа бағдарланған және құзыреттілік тәсілдерін қолдану.
Әрекет Құзыреттілік Нәтиже Ұлттық мүдделерді насихаттау Танымдық компонент Баланың әл-ауқатын анықтайтын құндылықтардың маңыздылығын білу, түсіну, сезіну Тиімді коммуникация Практикалық компонент Өмірлік жағдайларда құндылықтар қолдануды сипаттайтын дағдылар мен нақты әрекеттер Жасампаздық Азаматтық парыз Қоғамға қызмет Эмоционалды компонент Баланың құндылықтарын, бағдарын және мінез-құлқын анықтайтын эмоционалдық тәжірибе
Іс-шара МЖМББС жобалар Әлеуметтік Сынып сағаты шаралары Алдын-алу Әрекет Құзыреттілік Нәтиже Ұлттық мүдделерді насихаттау Танымдық компонент Баланың әл-ауқатын анықтайтын құндылықтардың маңыздылығын білу, түсіну, сезіну Тиімді коммуникация Практикалық компонент Өмірлік жағдайларда құндылықтар қолдануды сипаттайтын дағдылар мен нақты әрекеттер Жасампаздық Азаматтық парыз Қоғамға қызмет Эмоционалды компонент Баланың құндылықтарын, бағдарын және мінез-құлқын анықтайтын эмоционалдық тәжірибе Инновациялық ойлау Парасаттылық, адалдық және инновация мәдениеті.
Кіріспе Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Ұлттық құрылтайдың1 «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде негізгі құндылықтарды атап өтті: ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ 1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзі 15 наурыз 2024 жыл 6 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ Бұл құндылықтар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) негізіне айналады. 2025-2026 оқу жылында білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы осы бағдарламаның негізгі ережелеріне сәйкес ұйымдастырылатын болады.
Әрбір құндылық оқу процесінде жүйелі түрде көрінеді. Әр ай тұлғаны қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды қамтиды: Наурыз Мамыр Ақпан Сәуір Қыркүйек ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК АЙЫ Қараша ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК АЙЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ АЙЫ БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ АЙЫ Қаңтар ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП АЙЫ Желтоқсан БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ АЙЫ Қазан ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ АЙЫ ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ АЙЫ ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК АЙЫ Маусым ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ АЙЫ Шілде ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП АЙЫ Тамыз ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП АЙЫ.
Әр айдың іс-шаралары күнделікті • «Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды • «Апта дәйексөздері» – бүкіл білім беру ұйымның оқу және оқудан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастырылады. • «Қауіпсіздік сабағы» – мемлекеттік құзырлы органдармен бірлескен жұмыс жоспарына, мақсатты тақырыптарға сәйкес, салауатты өмір салты, құқықтық сауаттылық, ақпараттық мәдениет, жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру немесе әңгіме өткізу • «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б. • «Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінезқұлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі. • «Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру: жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу • «Кдомкүмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде кдомтыңдау.
Қолайлы білім беру ортасын құру және оның білім алушының мінез-құлқына әсері Оқу-тәрбие процесінде қолайлы жағдай жасауда білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтер басты рөл атқарады. Осыған байланысты: Білім беру ортасын құру және қолдау • Білім беру ұйымының қауіпсіздігін және абаттандыруды қамтамасыз ету. • Ынтымақтастық атмосферасын құру. • Адамгершілік, әлеуметтік және мәдени орта құру. • Білім беру ұйымының физикалық жағдайын, соның ішінде жарықтандыру, шу деңгейі, ауа сапасы және температура жағдайларын жақсарту маңызды. Білім беру ұйымының мәдениетін қалыптастыру және жүзеге асыру • Негізгі құндылықтарды қолдайтын тұжырымдамалар әзірлеу және енгізу. • Білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін нақты этикалық стандарттар орнату. • Білім алушылардың тұлғалық өсуіне ықпал ететін инклюзивті ортаны құруға жәрдемдесу. • Құндылыққа негізделген тәсілді дамытудағы олардың рөлі мен әсерін түсіндіре отырып, жаңа қызметкерлерге бағытбағдар дәрістерін өткізу. Ынтымақтастықты қолдау • Педагогтер мен білім алушылар арасында мағыналы және сыйластық қарым-қатынас орнату. • Білім алушылар арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға ықпал ету. • Ата-аналармен ынтымақтастыққа жағдай жасау және оларды мектеп өміріне тарту. • Жергілікті қауымдастықтармен және ұйымдармен байланысты нығайту. 10 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ПЕДАГОГТЕРГЕ ҰСЫНЫЛАДЫ Тәрбиеде құндылықтарды қалыптастыру • Күнделікті іс-әрекетте үлгі көрсету. • Сыныпта және одан тыс жерлерде тәрбиені жүзеге асыру және белсенді орындау. • Құндылықтарды қалыптастыру тәсілдерін жүзеге асыру үшін басшылықпен үйлестіру. • Білім алушыларға қауіпсіз және қолдаушы ортада өз құндылықтары мен нормаларын дамытуға мүмкіндік жасау. Оқыту және дамыту • Құндылықтар мен тұлғаны қалыптастыру мәселелеріне бағытталған сынып сағаттарының мазмұны арқылы құндылықтарды кіріктіру; • Өзекті мәселелерді және тұлғалық дамуды талқылау үшін пәннің мазмұнын пайдалану. • Адамгершілік қасиеттерді бірлесе оқыту мақсатында мектепішілік іс-шаралар ұйымдастыру. • Білім алушыларды белсенді түрде қызықтыру үшін түрлі педагогикалық әдістерді қолдану. • Этикалық дилеммаларды талдау және шығармашылықты дамыту үшін оқу материалдары мен ресурстарын пайдалану. Сабақтан тыс қызмет • Көшбасшылық қасиеттерді көрсету және дамыту үшін сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастыру. • Білім алушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу үшін мектеп іс-шараларын өткізу. • Білім алушыларда құндылықтарды қалыптастыруға ынталандыру үшін қоғам қайраткерлерін, ата-аналарды шақыру. • Әлеуметтік белсенділік және волонтерлік қызмет жобаларын әзірлеу және іске асыру. 11 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ АТА-АНАЛАРМЕН ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ Ата-аналармен ынтымақтастық • Ата-аналармен ашық және жағымды қарым-қатынасты дамыту. • Мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту үшін атааналарды мектеп өміріне тарту. Жергілікті қоғамдастықпен өзара қарым-қатынас • Білім алушылардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін жергілікті ұйымдармен қарым-қатынас орнату және қолдау. • Әлеуметтік даму мен қоғам өміріне қатысуға бағытталған мектеп жобалары мен іс-шараларын ұйымдастыру.
ҚҰНДЫЛЫҚҚА БАҒДАРЛАНҒАН БІЛІМ БЕРУДІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНА КІРІКТІРУ Оқу пәндеріне кіріктіру • Құндылыққа негізделген тәсілдерді негізгі оқу пәндеріне кіріктіру. • Әлеуметтік ғылымдар, тілдер және музыка арқылы құндылықтарды оқыту. Сыныптан тыс іс-шаралар • Білім алушылардың дағдылары мен әлеуметтік қарымқатынастарын дамытуға бағытталған сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыру. • Ұлттық мерекелер, кітап оқу сағаттарын, цифрлық гигиена сабақтарын, салауатты өмір салтын насихаттау және спорттық шараларды ұйымдастыру және өткізу. Құндылықтарды дамыту сағаттары • Өзіндік рефлексия мен сыни тұрғыдан ойлауды, шешім қабылдауды дамыту мақсатында сабақтар өткізу. • Түрлі аргументтермен және қолдану тәсілдермен танысу. Осындай оқу ортасын құру және осы міндеттерді орындау арқылы басшылар мен педагогтер білім алушылардың бойында жағымды мінез-құлық пен құндылықтарды дамытуға айтарлықтай әсер ете алады. Жоғарыда айтылғандардың барлығы ұсынымдық сипатта және білім беру ұйымдарында құндылық пен құзыреттілікке негізделген тәсілдерді енгізуге арналған. Бұл шаралар мен стратегиялар әрбір мектептің нақты жағдайлары мен қажеттіліктеріне бейімделуі мүмкін, сонымен қатар тиімді және қолайлы білім беру ортасын құруға көмектеседі. Осы ұсыныстарды орындау басшылар мен педагогтерге білім алушылардың бойында жағымды мінез-құлық пен құндылықтарды қалыптастыруға, олардың жан-жақты дамуын және болашақ өмірге дайындалуын қамтамасыз етуге айтарлықтай әсер етуге мүмкіндік береді. 13 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ Білім беру ұйымдары деңгейінде • білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылы арқылы құндылыққа негізделген білім беруді жоспарлаудың біртұтас тәсілін енгізуге; • білім беру ұйымдарының вариативті білім беру бағдарламаларын әзірлеуде, білім алушылардың мүдделерін, қажеттіліктерін, жергілікті қоғамдастықтың сұраныстарын және мемлекеттік органдардың басымдықтарын ескере отырып, білім беру қызметінің нысандарын, әдістерін таңдау дербестігін қамтамасыз етуге; • сынып/куратор сағаттарын оқу процесінің толыққанды және ажырамас құрамдас бөлігі ретінде анықтауға; • білім берудің базалық құндылықтарына сәйкес жалпы іс-шаралардың мазмұнын байыту (мемлекеттік және ұлттық мерекелерге байланысты іс-шаралар; елдегі атаулы күндер мен маңызды оқиғаларға арналған іс-шаралар; оқу жылының басталуы мен аяқталуына арналған салтанатты ісшаралар; олимпиадалардағы, спорттық және шығармашылық конкурстар мен жарыстардағы жетістіктері үшін білім алушылар мен педагогтерді марапаттау рәсімдері); • қоғамның отбасымен және серіктестерімен ынтымақтастық нысандарын кеңейту; • белгіленген көрсеткіштерге сәйкес тәрбие жұмысына үнемі ішкі бақылау жүргізу. Педагогтер деңгейінде • оқу/білім беру бағдарламаларының мазмұны зерттелетін, құндылықтарды оқыту мен тәрбие процесіне енгізудің ең тиімді жолдары талқыланатын үздіксіз даму және ынтымақтастық мәдениетін құру; • білім беру бағдарламаларының мазмұнындағы құндылықтардың үйлесімді кіріктіруін қамтамасыз ету (оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы пәнаралық және пәнішілік байланысты қамтамасыз ету, сәйкес мәтіндерді, тапсырмалар мен жаттығулар таңдау);
• оқу-тәрбие процесіне жобалық жұмысты кіріктіру; • сыныптан тыс іс-шаралар нысандарын кеңейту (акциялар, қайырымдылық және волонтерлік іс-шаралар, мәдени іс-шаралар, туристік сапарлар мен мұражайларға бару, шақырылған қонақтармен кездесулер және т.б.); • жоғары оқу орындары мен колледждердің педагогикалық факультеттерінің білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту. Отбасымен ынтымақтастық деңгейінде • ата-аналармен ынтымақтастықты нығайту және оларды бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тарту (құндылықтарды бірлесіп талқылау, балалардың дамуы мен әл-ауқаты үшін бірлескен шешімдер қабылдау); • білім алушылардың даму динамикасын бақылау және сапалы кері байланысты қамтамасыз ету үшін жаңа форматтағы ата-аналар жиналысын (білім алушылармен жеке және топтық консультациялар, педагогикалық кеңестер, тренингтер, семинарлар, ашық есік күндері, ата-аналар конференциялары, педагогикалық қонақ) өткізу;
• ата-аналардың педагогикалық мәдениетін тәрбиенің өзекті тақырыптары және жасөспірім балалармен өзара бірлескен іс-шаралар, ата-аналар дәрістерін ұйымдастыру арқылы арттыру; • ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған семинарлар өткізуде, бағдарламаларды, әдістемелік құралдарды әзірлеуде қоғамдық ресурстық орталықтарды тарту; • бірлескен мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру арқылы ата-аналардың әлеуметтенуіне жағдай жасау. Қоғамдық серіктестермен өзара іс-қимыл деңгейінде • ведомстволық ұйымдарды тәрбие міндеттерін шешуге тарту; • жергілікті көрікті жерлермен танысу үшін сабақтар/ іс-шаралар ұйымдастыру (мұражай педагогикасы, театр педагогикасы, өлкетану экскурсиялары, кәсіпорындарға сапарлар); • басқа білім беру ұйымдарының педагогтерімен, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамымен, ғылыми және қоғамдық ұйымдармен кәсіби даму мәселелері бойынша ынтымақтастық орнату үшін жағдайлар жасау; • шетелдік әріптестердің озық кәсіби тәжірибесін зерделеу және пайдалану үшін ынтымақтастықты жаһандық деңгейде кеңейту; • білім алушыларды заманауи кәсіптермен және өзекті дағдылармен таныстыру үшін түрлі саладағы мамандармен мансаптық консультациялар ұйымдастыру.
Бағдарламаны іске асыру тетігі БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫН КӨЗДЕЙТІН БІРТҰТАС ТӘСІЛДЕМЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ МҮДДЕЛЕРІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ВАРИАТИВТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ СЫНЫП-КУРАТОРЛЫҚ ЖҮЙЕ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ЯҒНИ. СЫНЫП САҒАТТАРЫ МЕН СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРАЛАР БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАРЫНА СӘЙКЕС ЖАЛПЫ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫН КЕҢЕЙТУ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНЕ ОТБАСЫ МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ ТАРТУ БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫ ТҰРАҚТЫ ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ.
БЛОК I
Білім беру мазмұны мен сынып сағаттары арқылы құндылықтарды енгізу.
Бұл бөлімде тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін негізгі құндылықтар мен құзыреттердің жүйесі ұсынылады. Аталған бөлімде тәрбие мен оқытудың сабақтастығын қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудан бастап техникалық және кәсіптік білім беру деңгейлерінде түлектердің білім, білік және дағдыларының сипаты ұсынылады. Ұсынылған құндылықтар жүйесін педагогтер сынып сағаттарын мақсатты түрде жоспарлауда және күнделікті сабақ мазмұнына кіріктіруде қолдана алады. Бұл білім алушылардың бойына құндылықтарды дарытуда және олардың табысты әлеуметтенуіне, зияткерлік және тұлғалық дамуына, сондай-ақ Қазақстанның болашақ азаматтарының кәсіби қалыптасуына ықпал ете алады. Құндылықтардың білім, білік және дағды түрінде ұсынылған жүйесі білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда және сынып сағаттарын жоспарлауда қолдану қажет. Әр сынып сағатының соңында 10 минут көлемінде білім алушының жеке қауіпсіздігіне уақыт бөлу ұсынылады.
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АРҚЫЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАРЫТУ ПРОЦЕСІ
МЖМББС күтілетін нәтижелер
Үлгілік оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары
Оқулық
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ, ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП, ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ ЖАСАМПҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ КОММУНИКАЦИЯ,
Оқу әрекетін ұйымдастыру Сыныптан тыс Сынып сағаттары
ДАЛ ЕҢБЕК ТАЛАП, ИННОВАЦИЯ, ЖАСАМПАЗДЫҚ,БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ, ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК.
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ
Мектепке дейінгі ұйым түлегі • Отан, ел, туған өлке туралы білу • Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін білу • Мемлекеттік тілді білу • Ұлттық мерекелер, ойындар, дәстүрлер туралы білу • Табиғатқа қамқорлық таныта білу
Бастауыш мектеп түлегі • Отан, ел, туған өлке туралы білу және пайымдау • Туған елге деген сүйіспеншілігін білдіре алу • Мемлекеттік тілді білу • Өз елінің тарихы, мәдениеті туралы алғашқы түсінікті қалыптастыру • Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ажырата білу • Отбасы Отанның бір бөлігі екенін түсіну
Халықтың өткеніне, бүгініне және болашағына қатыстылығын түсіну • Отанға адалдықтың маңызын бағалау, елінің тарихы мен мәдениетін құрметтеу • Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, мемлекеттік мерекелердің мәнін түсіну.
Азаматтық және ұлттық бірегейлікті білу және түсіну • Мемлекеттік тілді меңгеру • Отбасының дәстүрлері мен құндылықтарын білу • Оқуға, өз халқының рухани мәдениетінің бір бөлігі ретінде ана тіліне деген қызығушылық таныту • Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын бағалау
Өзінің халқына деген сүйіспеншілігін білдіру және ұлттық мәдениетті құрметтеу • Мемлекеттің дамуындағы ел бірлігінің маңызын бағалау және мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті сезіну • Ұлттық және мәдени бірегейлікті сезіну • Халық пен мемлекеттің тарихи жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту және мәдени мұрасын, дәстүрлерін әрі қарай ілгерілету • Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге үлес қосу • Отандық және әлемдік мәдениетті тану құралы ретінде оқуға деген тұрақты қызығушылық таныту • Өз Отанын қорғауға дайын болу, халық пен мемлекеттің Егемендігі мен қадір-қасиетін тарихи аргументтерге сүйеніп қорғай білу
Жағдаяттарды сыни талдау, таңдау жасау, шешім қабылдау және өз шешімінің жауапкершілігін түсіну • Өз елінің тарихы, мәдениеті, дәстүрлері мен жетістіктері білімін тарихи фактілерге сүйеніп ұдайы кеңейтуге ұмтылу • Халықпен/ мемлекетпен бірлікті және мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті сезіну • Елдегі және әлемдегі оқиғаларды объективті бағалау үшін ақпаратты сыни тұрғыдан талдай білу • Ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал ететін мемлекеттік тілді еркін меңгеру • Еңбек нарығындағы жоғары кәсіби дағдылар мен бәсекеге қабілеттілік таныту • Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін, оның ішінде халықаралық аренада қорғауға дайын болу.
БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ
Мектепке дейінгі ұйым түлегі • Отбасында, балабақшада қауіпсіз мінез-құлық нормаларын білу • Басқа балалармен сөйлесуге және олармен ортақ тіл табуға дайын болу • Ойы мен сезімдерін білдіре алу қабілетінің болуы
Бастауыш мектеп түлегі • Мінез-құлық нормаларын білу және оларды сақтаудың маңызын түсіну • Командада жұмыс істей білу • Басқалармен бірлескен жұмыстың нәтижесін қорғай білу • Өзгені тыңдау, түсіну және диалог жүргізе алу • Өзгелерге мейірімділік, жанашырлық таныта білу • Айналасындағыларға көмек көрсету
Негізгі орта мектеп түлегі
Қоғамдағы әлеуметтік нормаларды, ережелерді білу және түсіну • Сенімді қарым-қатынас орнату және ұжымда жағымды ахуалды сақтай білу • Тек өзі үшін ғана емес, жалпы ұжым үшін де жауапты болуға дайын болу • Бірлескен іс-әрекет пен өзара іс-әрекет кезінде басқалардың пікірлері мен сезімдерін құрметтей білу • Басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу
Жалпы орта мектеп түлегі
Басқа адамдармен қарым-қатынас кезінде өз мінезқұлқыңызды сыни тұрғыдан бағалау және түзету • Өзара сыйластық пен ынтымақтастықты көрсете отырып, өз көзқарастарын білдіре алу • Ортақ мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ете отырып, командада тиімді жұмыс істей білу • Басқа адамдардың даралығын ескере білу және өзгенің идеялары мен пікірлерін дұрыс қабылдау • Қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтаудың маңыздылығын түсіне отырып, қақтығыстық жағдаяттарды шешуде сындарлы шешуге ұмтылу.
ТжКБ түлегі
Қоғамның әл-ауқатына қамқорлық пен жауапкершілікті көрсете алу • Басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасау, өзара көмек пен қолдау негізінде мақсаттарға жете алу • *Басқа адамдардың эмоцияларын түсіну, бөлісу және сезіну • Басқа адамдардың қажеттіліктеріне жауап беру және қолдау көрсету дағдыларының болуы • Мәдени айырмашылықтарды түсіну • Қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ықпал ететін қақтығыстарды шешуге қатысты келіссөздер жүргізе алу • Өзін-өзі дамыту және білім алу дағдыларының болуы
ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Мектепке дейінгі ұйым түлегі • Жауапты болу • Уәделерді орындай білу • Адамдар барлығы әртүрлі екендігін білу, түсіну
Бастауыш мектеп түлегі • Адамның қоғамдағы құқықтары мен жауапкершілігі туралы алғашқы көзқарастың болуы • Басқалар үшін маңызды тапсырмаларды орындаудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсіну • Бастаған ісін соңына дейін жеткізе білу • Өзінің және басқалардың іс-әрекеттерін олардың моральдық нормаларға сәйкестігі тұрғысынан талдай білу
Негізгі орта мектеп түлегі
Іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларының болуы • Моральдық нормаларға сәйкес өзінің және басқалардың іс-әрекеттерін талдай білу • Оқу тапсырмасын орындауда табандылық, еңбекқорлықтың болуы • Тапсырылған жалпы іс үшін сынып ұжымы алдындағы жауапкершілікті сезіну • Басқаларға көмектесуге және әділдік, мейірімділік пен жауапкершілік танытуға дайын болу.
• Іс-әрекетке қатысушылардың барлығының құқықтары мен міндеттерінің теңдігін ескере отырып, өзінің және басқалардың іс-әрекеттерін бағалай білу • Жалпы нәтижедегі әрбір тапсырманың маңыздылығын түсіне отырып, өз міндеттемелерін сапалы және мерзімінде орындай білу • Командада жұмыс істей білу, басқалардың пікірлері мен ұстанымдарын құрметтеу және ортақ мақсаттарға жетуге ұмтылу • Қателерді қабылдауға және түзетуге дайын болу, егер олар жасалса өзінің жұмысының нәтижелері үшін жауап беру • Мемлекеттің сақталуы мен өркендеуі үшін жауапкершілікті сезіну ТжКБ түлегі • Өзінің де, басқа адамдардың да әрекеттерін талдай білу • Әділдік, мейірімділік және жауапкершілік таныту арқылы басқаларға көмектесуге дайын болу • Кез-келген қызмет түріне немесе іс-әрекетке жауапкершілікпен қарау • Информацияты бағалау және талдау негізінде салмақты шешімдер қабылдау Жалпы орта мектеп түлегі.
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
Мектепке дейінгі ұйым түлегі Бастауыш мектеп түлегі • Мінез-құлық нормалары мен ережелерді білу. • Үлкендерге құрмет көрсету • Үйде, балабақшада, қоғамда өзін дұрыс ұстай білу • Құқықтық жүйе мен адам құқықтарының негіздерін білу. • Тәртіп пен әділеттілік нормалар мен ережелерін сақтау қажеттілігін түсіну • Қоғамның қорғалуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету ретінде заң мен тәртіптің маңыздылығын түсіну Негізгі орта мектеп түлегі • Азаматтық- құқықтық білім туралы түсінігінің болуы • Моральдық нормалар мен мінез-құлық ережелерін білу • Мектепте, қоғамда этикалық және құқықтық нормалар мен ережелерді сақтаудың маңыздылығын білу ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
• Күнделікті өмірде заң туралы білімді қолдана білу • Қоғамдық қауіпсіздікті жақсарту және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын қолдау жөніндегі бастамаларға қатысуға дайын болу • Жалпы әл-ауқат пен қауіпсіздікке ықпал ету үшін жұмыс орнында тазалық пен тәртіпті сақтай білу • Төтенше жағдайларда ұйымдасқан және сабырлы әрекет ете алу ТжКБ түлегі • Заң мен құқықтық актілерді дұрыс түсіндіре алуы және түсіне білу • Құқықтық білімді нақты өмірде, нақты практикалық жағдайларды шешуде өз бетінше қолдана білу • Қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін құқықтық нормалар мен ережелерге сәйкес әрекет ете алу • Жағдаяттарды заңдылық пен этика тұрғысынан бағалау және негізделген шешімдерді қабылдау.
ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК
Өз мамандығы бойынша терең білім мен дағдылардың болуы • Кәсіби және жеке қабілеттерін кеңейте отырып, үнемі білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу • Жаңа әдістер мен технологияларды тез игере отырып, жұмыс жағдайларының өзгеруіне және нарықтың жаңа талаптарына бейімделу • Максималды тиімділік пен сапаға ұмтыла отырып, өз жұмысының қорытындылары үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын болу • Өз іс-әрекеттерінде адалдық пен ашықтықты қамтамасыз ете отырып, шеберлікпен жоғары этикалық стандарттарды ұстану • Басқаларды тыңдау, үйлестіру және қолдау арқылы әріптестермен ынтымақтастық дағдыларын орнату • Күрделі жағдайларды талдай білу, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау және негізделген шешімдерді қабылдау ТжКБ түлегі • Мемлекеттің, қоғамның дамуы үшін еңбекті, өзінің және басқалардың еңбегінің нәтижелерін бағалай білу • Қазіргі қоғамдағы еңбектің әлеуметтік-экономикалық және саяси маңыздылығын түсіну • Жасына байланысты қол жетімді әлеуметтік-еңбек рөлдерінде әлеуметтік маңызы бар еңбекке жасампаз, шығармашылық қабілетінің болуы • Отбасында, мектепте, туған өлкеде әлеуметтік маңызы бар еңбек қызметіне қатысуға дайын болу • Еңбек қызметінің ерекшелігін түсіну, еңбек қатынастарын реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу және кәсіби өзін-өзі даярлау • Жеке өмірлік жоспарларды, қажеттіліктерді ескере отырып, білім мен кәсіби қызметті саналы түрде таңдауға дайын болу Жалпы орта мектеп түлегі • Еңбек қоғамның және жеке әл-ауқаттың негізі екенін түсіну • Қоғамдық еңбекке дайындық • Жеке мүдделерді, қажеттіліктерді ескере отырып, білім мен өмірлік жоспарларының жеке траекториясын саналы түрде таңдауға және құруға дайын болу.
Мектепке дейінгі ұйым түлегі Бастауыш мектеп түлегі • Өзі туралы, қоршаған әлем туралы және ондағы орны туралы қарапайым түсініктің болуы • Шығармашылық қиялға негізделген өнертабысқа қызығушылық таныту • Сурет салуға, модельдеуге, дизайнға қызығушылық таныту • Тапсырмаларға шығармашылықпен қарау, өз шешімдері мен идеяларын ұсыну • Алған білімдерін жаңа нәрсе жасау үшін қолдану • Жаңа тәсілдемелер мен технологияларды қолдануды талап ететін балалар жобаларына қатысуға дайын болу • Табиғи және әлеуметтік объектілер, тірі және жансыз табиғаттың байланысы, ғылым және ғылыми білім туралы алғашқы түсініктің болуы • Білімнің жаратылыстану және гуманитарлық салаларындағы тәжірибені бақылаудың, жүйелеудің және түсінудің қарапайым дағдыларының болуы • Түрлі объектілердің жеке белгілерін салыстыра білу, заттарды жалпы белгілер бойынша талдау, біріктіру • Қарапайым өлшеулер жүргізу, практикалық есептерді шешуге арналған құралдармен жұмыс жасай алу • Зерттеуге, экспериментке бағытталған жобалық тапсырмаларды орындау ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ 32 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
• Бақылау, өлшеу, эксперименттер мен тәжірибелер жүргізу қабілеті; модельдеу, таным объектілерінің құрылымын анықтау, бір бүтіннің әртүрлі бөліктері арасындағы қатынастарды іздеу және бөліп көрсету, процестерді кезеңдерге бөлу, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау • Оқу міндеттерін шешудің оңтайлы тәсілдерін таба білу, ол үшін жаңаны қолдану және бұрыннан таныс алгоритмдерді біріктіру, оларды стандартты емес есептерді шешуде қолдану • Әр түрлі таным құралдарын қолдану, әлем туралы білімді жинақтай алу (тілдік, оқырмандық мәдениет, ақпараттық, цифрлық ортадағы қызмет) Негізгі орта мектеп түлегі • Қолданыстағы жүйелер мен процестерді дамытуға және жақсартуға ықпал ететін жаңа идеялар мен тәсілдерді құра білу • Заманауи технологияларды меңгеру және оларды кәсіби мәселелерді шешу үшін тиімді пайдалану • Инновациялық стратегиялар мен жұмыс әдістерін қолдана отырып, ауқымды жобаларды іске асыру • Кәсіби ортада және жалпы әлемде тез өзгеретін жағдайларға икемді бейімделе алу • Басқаларды инновациялар мен прогреске жетелейтін көшбасшылық қасиеттерін көрсете білу • Өзгерістерді болжауға және оларды тиімді қолдануға бейімдеуге мүмкіндік беретін әлемдік трендтер мен инновациялар туралы білу ТжКБ түлегі • Әлемнің қазіргі ғылыми бейнесі, ғылым мен техниканың жетістіктері туралы білу • Ғылымның қоғам өміріндегі маңыздылығын дәлелдеу • Себеп-салдарлық және құрылымдық-функционалдық талдау элементтерін қолдана білу, неғұрлым күрделі нақты байланыстар мен олардың тәуелділіктерін зерттеу • Сыни тұрғыдан ойлау, сенімді ғылыми ақпаратты анықтау және ғылымға қарсы түсініктерді сыни көзқарастың болуы • Фактілерді байқау, жинақтау және жүйелеу, білімнің жаратылыстану және гуманитарлық салаларындағы тәжірибені түсіну, зерттеу дағдыларының болуы Жалпы орта мектеп түлегі Ескерту: Әр сынып сағатының соңында білім алушылардың жеке қауіпсіздігі мәселелерін талқылау үшін 10 минут бөлу міндеттеледі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ.
БЛОК II
Әлеуметтік жобалар мен іс-шаралар арқылы құндылықтарды енгізу
ЖОБАЛАР
* Білім беру ұйымдары білім алушылардың жасына және қажеттіліктеріне, өңірлік ерекшеліктеріне, сондай-ақ білім беру ұйымының бейіні мен түріне қарай жобаларды дербес таңдай алады ** Барлық жобалардың өткізілуі #Адал_Азамат хэштегі арқылы әлеуметтік желілерде және БАҚ жарияланады «Қамқор» «Ұшқыр ой алаңы» «SMART BALA» «Шабыт» «Еңбегі адал - жас өрен» «Балалар кітапханасы» Тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу Кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы құндылықтарды дәріптеу Білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу Инновациялық жобалар конкурсы арқылы құндылықтарды дәріптеу Білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу Жобалар – бұл білім беру мен қоғамның әртүрлі аспектілерін жақсартуға, білім алушыларды, ата-аналарды, педагогтерді профилактикалық іс-шараларға тарту арқылы жеке құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған білім беру бастамалары ЖОБАЛАР

Әлеуметтік жобалар мен іс-шаралардың тақырыптық күнтізбесі:
Жобалар Мероприятие Қыркүйек Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік айы Қазан Тәуелсіздік және Отаншылдық айы ҚАМҚОР «Қоғамға қызмет ету» волонтерлық қызмет + «Жер сағаты» экологиялық акциясы «Түлектердің ағаш егуі» экочелленджі «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы ЕҢБЕГІ АДАЛ – ЖАС ӨРЕН «Күзгі асар» жәрмеңкесі + Мамандықтар әлемі Мектептің әлеуметтік желілерінде жариялау «Мамандықтар марафоны» байқауы ШАБЫТ «Даналық ұстаздан» челленджі + «Ұлттық мәдениет» көрмесі «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалі «Мектеп театры» «Ананың аялы алақаны» челленджі «Әншуақ» фестивалі «Домбыра күні» концерт және көрме ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ Дебат + Зияткерлік ойындар SMART BALA «Startup» байқауы «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» конкурсы БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ Әдеби кеш / кітап жәрмеңкесі / кітап кейіпкерлері байқауы «Кітаптар айналымы» акциясы «Шын жүректен кітап сыйла!» челленджі АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру + «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» челленджі + Отбасы күніне арналған «Отбасылық дәстүрлер» апталығы «Балаларды қорғау күні» акциясы «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» шеберлік сынып «Атадан-өсиет, анадан-қасиет» ата-аналарға арналған шеберлік сыныбы АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы Буллингтен қорған! Ойынға салауатты көзқарас Өмірге салауатты қадам Қоғамдық мүлікті қорға! Қауіпсіз қоғам Қауіпсіздік сабағы БАРЛЫҒЫ 43 2 4 Әлеуметтік жобалар мен іс-шаралардың тақырыптық күнтізбесі 36 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ Қараша Әділдік және Жауапкершілік айы Желтоқсан Бірлік және Ынтымақ айы Қаңтар Заң және Тәртіп айы Ақпан Жасампаздық пен Жаңашылдық айы Наурыз Тәуелсіздік және Отаншылдық айы Сәуір Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік айы Мамыр Бірлік және Ынтымақ айы Маусым Жасампаздық пен Жаңашылдық айы Шілде / Тамыз Заң және Тәртіп айы Жыл бойы + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + 3 2 3 3 4 3 3 4 1 11 37