Тамақтану сапасын бағалау » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » Тамақтану сапасын бағалау
17
сентябрь
2021

Тамақтану сапасын бағалау

13.09.күні  №21 жалпы орта білім беретін мектебінің мектепішілік бракераждық комиссия мүшелері тамақтану сапасын бағалау бойынша оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмыстарына зерделеу жүргізілді. Ыстық тамақтың ұйымдастырыру жағдайын тексере отырып, акт жасалынды. Тамақ ішетін залда мектеп басшысы бекіткен  ас мәзір ілінген, онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетілген.Берілетін ас күнделікті дайын мәзір бойынша дайындалады. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларға сәйкес келеді. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырған. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнатылып өңделген) шыны ыдысқа салған. Бракераждық журналдар дұрыс жүргізілуде.