«Мектеп оқушылары арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » «Мектеп оқушылары арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу»
15
март
2024

«Мектеп оқушылары арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу»

Профилактика және психологиялық ағарту жұмысы аясында  «Мектеп оқушылары арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу»  тақырыбында 8-10 сынып қыздарымен тренинг өткізілгендігі туралы 

    Мақсаты: жасөспірім қыздардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, жандүниесіндегі сырларымен бөлісу, ашық әңгімелесу

      Қатысқандар: 

Жоспар:

1.  «Сәлемдесу» жаттығуы жүрек арқылы бір – біріне тілек тілеу

2.  «Эмоция құмырасы»  арт терапиялық жаттығу   

3.  МАК әдістемесі

4.  «Таяқшалар» сергіту жаттығуы

Тренингтің барысы: Сәлемдесу жаттығуы жүрек арқылы  қыздар  бір-бірімен амандасып, бір – біріне жақсы тілектер айтып  шықты. 

«Эмоция құмырасы» жаттығуы.  Мақсаты: бала бойындағы  өзіндік базалық деңгейін анықтау. Жаттығу барысында құмыра суреті салынған  А4 парақшалары  таратылды. Құмыраны 4 ке бөлу арқылы  1 бөлігіне базалық деңгей, 2 бөлігіне қажеттіліктері, 3 бөлігіне қорқыныш, ауыртпалық, реніші, 4 бөлігіне бойындағы агрессиясы, кегі жайында жазып өтті, құмыраны салу барысында бала  өз эмоцияларын сезінуге және өздері қалаған базалық деңгейге қалай жету керектігін түсіне алды.  

«МАК» әдістемесі арқылы әр оқушы өздері таңдау арқылы алып, сол таңдаған карталары аясында сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. карталар қыздарға іштей ашылуға жәрдемдесті. 

«Таяқшалар» жаттығуы жүргізілді. Жаттығу барясында  шеңбер бойынша тұрып, қатысушыларға бір таяқшадан ұсынылады, ол таяқшаны команда арқылы бір – біріне беріп орын ауыстырады. Жаттығу мақсаты: ептілікке, ұшқырлыққа ұмтылдыру. 

    Қорытынды: оқушы қыздармен жүргізілген арт терапиялық, МАК әдістемесі  жаттығулар барысында қыздар өздерін еркін ұстап, топпен бірігіп жұмыс істеу ұнағандығын, тренинг жақсы өткендігі туралы ойларымен бөлісті

Орындаған: мектеп психологы А. Назаркулова