«Өзіңе деген қамқорлық, өмірге деген құштарлық» » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » «Өзіңе деген қамқорлық, өмірге деген құштарлық»
11
апрель
2026

«Өзіңе деген қамқорлық, өмірге деген құштарлық»

    Тақырыбы: «Өзіңе деген қамқорлық, өмірге деген құштарлық»
Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейін арттыру, эмоциялық саулығын сақтау дағдыларын қалыптастыру, өмір құндылығын түсінуге бағыт беру.
Сыныптар:10–11 сынып оқушылары
Мерзімі: 21 сәуір 2026жыл
Қатысқандар саны: 32
Жоспары: 
  1. «Жылулық шеңбері» (Icebreaker)
  2. «Өмір дөңгелегі» жаттығуы
  3. «Стресс чемоданы» ойыны
  4. «Менің болашақтағы өзіме хат» жаттығуы
Тренинг барысы: тренинг оқушылармен сенімді, ашық қарым-қатынас орнату мақсатында ұйымдастырылды. Жұмыс барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
1. «Жылулық шеңбері» (Icebreaker)
Тренингтің басында оқушылар шеңберге тұрып, өз есімдерін атап, «Мен өзіме қамқорлық жасағанда…» сөйлемін аяқтады.
Оқушылардың жауаптары әртүрлі болды: демалу, музыка тыңдау, достармен сөйлесу, жалғыз қалу, сүйікті ісімен айналысу және т.б.
Мақсаты:
– топта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру;
– сенімділік пен ашықтықты арттыру.
Қорытынды: Оқушылар бір-бірін жақынырақ танып, тренингке психологиялық тұрғыдан дайындалды.
2. «Өмір дөңгелегі» жаттығуы
Школьникам өмір салаларын қамтитын дөңгелек сызба ұсынылды (денсаулық, оқу, достар, отбасы, демалыс, арман/мақсат). Әр қатысушы осы салаларды 1–10 аралығында бағалады.
Кейін талқылау жүргізілді:
– қай салада қанағаттану төмен екені анықталды;
– өмір балансын сақтау қажеттілігі түсіндірілді;
– өз-өзіне қамқорлық жетіспейтін бағыттар анықталды.
Мақсаты: өзін-өзі талдау дағдыларын дамыту; өмірдегі тепе-теңдікті бағалау.
Қорытынды: оқушылар өз өміріндегі әлсіз тұстарды анықтап, оны жақсарту жолдары туралы ойланды.
3. «Стресс чемоданы» ойыны Тақтаға «чемодан» бейнесі салынып, оқушылар стикерлерге өздерін мазалайтын, шаршататын факторларды жазды (оқу жүктемесі, ата-анамен түсінбеушілік, емтихан, болашаққа алаңдау және т.б.).
Кейін ортақ талқылау жүргізілді:
– қай стресс факторларынан арылуға болатыны;
– қиындықтарды жеңу жолдары қарастырылды.
Мақсаты: эмоциялық жеңілдеу; стресс себептерін анықтау және басқару.
Қорытынды: оқушылар өз сезімдерін ашық білдіріп, бір-біріне қолдау көрсетті. Стресті басқару тәсілдері ұсынылды.
4. «Менің болашақтағы өзіме хат» жаттығуы
Оқушылар 1–2 жылдан кейінгі өздеріне хат жазды. Хат мазмұнында:
– қандай адам болғысы келетіні;
– өзіне беретін кеңесі;
– бақытқа жету жолдары қамтылды.
Мақсаты: өмірлік мақсат қою, ішкі мотивацияны арттыру.
Қорытынды: оқушылар болашаққа жоспар құрып, өз мүмкіндіктеріне сенім білдірді.
     Жалпы қорытынды: тренинг барысында оқушылар өз эмоцияларын тануға, өз-өзіне қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік алды. Қатысушылар белсенділік танытып, топтық жұмыстарға қызығушылықпен қатысты.
Тренинг соңында келесі тұжырым жасалды:  «Өзіңе қамқорлық жасау – әлсіздік емес, бұл – күш. Өзін түсінген адам ғана өмірдің құндылығын сезіне алады.»