«Қыз қандай болу керек?» тақырыбында қыздармен өткізілген жиналыс » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » «Қыз қандай болу керек?» тақырыбында қыздармен өткізілген жиналыс
22
сентябрь
2022

«Қыз қандай болу керек?» тақырыбында қыздармен өткізілген жиналыс

«Қыз қандай болу керек?»
 
  тақырыбында қыздармен өткізілген жиналыс

Қатысқандар:

1.ДТІЖО – Эайбекова

2.Психолог- С.Дауренбекова

3.Медбикелер– А. Каналы, А.Рахимбаева

4.Шақырылғандар: 8-9 сынып қыздары


   22 қыркүйек күні ДТІЖО  Э.Тайбекованың ұйымдастыруымен  8-9 сынып  қыздары арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында  «Қыз бала қандай болу керек?» тақырыбында  жиналыс өткізілді. ДТІЖО  Э.Тайбекова негізгі сұрақтармен таныстырды және жаңа оқу жылында атқарылатын жұмыстарға тоқталып, мақсат міндеттерді атап өтті.  Жиналыста жасөспірім қыздардың жеке гигиенасы туралы дәріс оқылып, кеңестер берілді. Қыздарға сұрақтар қойылып, пікіралмасу жүргізілді.

Медбикелер: А. Каналы, А.Рахимбаева  қыздарға ерте жүктіліктің салдары қандай болады; оның адам өміріне тигізетін келешектегі қауіп-қатері қандай; тағы басқада осындай үлкен сұрақтың төңірегінде әңгіме қозғады. Олардың тарапынан сұрақтар мен пікірлер өте көп болды.

Мектеп психологы  С.Дауренбекова  қыздарды ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз балаға гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыруға  үйретті. Сонымен қатар, қыз баланың жеке гигиенасы, сұлулық сырлары, мәдениеті, тәрбиесі, сөйлеу әдебі тақырыптары бойынша  кеңестерімен бөлісті.

ДТІЖО  Э.Тайбекова   қыздарға мектеп формасының талаптарына сай киінудің маңызын ерекше атап өтті. Өйткені киім – қыз баланың ары мен ұяты. Б. Момышұлының сөзімен «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» өз ойын тиянақтап жеткізді. Қыз бала тәрбиесінің ерекшелігі, қыздарға тән мінез-құлық, қыз бала мәдениеті, қыз баланың қоғамдағы орнын айырықша түсіндіріп, эстетикалық тәрбие берді.