"Жарқын болашақ" квест ойыны » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » "Жарқын болашақ" квест ойыны
15
февраль
2023

"Жарқын болашақ" квест ойыны

Ақпан айы психологиялық кеңес беру" айлығы барысында мектеп психологтары 8 "а,ә" сынып оқушыларымен «Жарқын болашақ» квест ойынын өткізді.

Мақсаты: қатысушыларды ұйымшылдыққа, ғылымға, тапсырмалардың шешімін оңай және жылдам шешуге, топта жұмыс жасауға және өзіндік пікірді дамытуға бағыттау, психологиялық қолдау

Ойын  шарты:

Топ ішіндегі қарым-қатынасты жетілдіру,

Топтың өзара бір-бірімен байланысын дамыту;

Өз шешімі мен міндетіне сенімді және тұрақты болу

Ережелер:

Нұсқау: топтағы қарым -қатынастын уақытын қадағалау. 

  • Айтар алдында «Қол көтеру» ережесін сақтау
  • Бір-бірімізге жылы көзқараспен қарау
  • Шын жүректен және дұрыс жауап беру
  • Бір-бірімізге бөгет жасамай тыңдау
  • Бір-бірімізді тыңдау және қабылдау.

Жоспар: 

  1. Командалық топ  аты, ұраны
  2. «Қызықты психология»
  3. «Шытырман оқиға»
  4. «Аукцион» ойыны
  5. Криптограммалар
  6. «Кім жылдам» ойыны

Барысы: 

  1. Команда өз аты мен ұранын  қорғап шығады.
  2. «Қызықты психология»

Видеоролик арқылы сұрақтар қою

Сұрақтар: 

1. Сіз ұшақта отырсыз, Сіздің алдыңызда жылқы, артыңызда көлік тұр. Сіз қай жердесіз?  Әткеншекте

2. Жасыл адамды көрген жағдайда не істеу керек? Көшеден өту.

3. Бір қолшатыр астында алты бала, екі ит, төрт ересек қайткен жағдайда су болмайды?   Егер жауын жаумаса

4. Үнемі дұрыс айтылмайтын сөз? "Дұрыс емес" сөзі.

5. Шамды бұрау үшін қанша программист қажет? Бірде-біреуі қажетсіз. Бұл программистер шешпейтін аппаратты проблема.

6. Астанадан Қарағандыға жету үшін 2 сағат 30 минут қажет. Ал Қарағандыдан Астанаға қайтуға 150 минут керек. Неге олай? 150 минут = 2 сағат 30 мин

7. Қай сөз әрдайым дұрыс болып естіледі? Дұрыс Ол сізге тиесілі, бірақ адамдар оны сізден жиі қолданады? Сіздің есіміңіз


  1. «Шытырман оқиға»    Оқушылар аяқтар арқылы секіріп барады да сол жерден бірінші алфавиттерді тауып алып келеді, содан кейін берілген тапсырмаларды орындайды.  Яғни тапсырмадағы цифрмен жазылғандарды сөздерге айналдыру. 

1 топ үшін:«Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» -деп Ұлы Абай атамыз айтқандай, әрбір тұлға –жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын айтқызбай оқи білу мен қалаған мамандықтың таңғажайып сыры деп білемін. Кейбіреулер ойлайтын шығар: «Бұл қандай мамандық?», -деп. Болашақта қандай мамандықты таңдасам екен деп көп ойланатынмын. Осы бір сұрақ әрбір азаматты толғандыратыны белгілі. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен кейін, есін біле келе, өзінің қалаған мамандығын таңдап, сол мамандықпен жұмыс істеуді армандайды. 

     «17 8 18   3 37 23   10 27 17 3 1 15  1 7 1 17 17 36 18   20 18 36   7 1   20 13 16 1» - 7 8 22   27 16 36   1 3 1 13 1 25 1 17 36 11   1 13 25 15 1 18 7 1 13,  2 23 3 37 23   25 27 16 6 1 -  10 27 17 3 1 15.  24 20 16    10 27 17 3 1 115 25 36 19   14 37 16 25 37 18   25 1 26 36 22,  10 28 23 8 14   14 37 16 25 37 18   1 34 1   3 37 1 26,  1 23 3 37 23  10 28 23 8 14 25 37 19  15 27 22 12 41  24 36 23 36 18  1 13 25 15 36 11 3 1 13   20 15 12    3 37 16 26  

   2 топ үшін:       Психолог – өмірді әр түрлі қиындықтарына оқуда, отбасында, қарым-қатынаста, өмірлік жол таңдауда, өзін-өзі дамытуда туындаған мәселелер, жанжалдық жағдайларда және тағы басқа жағдайларға тап болған дені сау адамдарға кеңес беруші маман болғандықтан, көп адамдар көмек қолын созады, ақыл-кеңес сұрайды. Психологқа өмірінен өзгеріс күтетін және дұрыс жол таңдау үшін келеді. Бүгінгі күні тән ауруын дәрігердің шипасы емдесе, жан ауруын психолог маман емдей алады. Психолог – адам  жанының жанашыры. Себебі, алдына келген әр адамның жүрегіне үңіліп, онымен бірге мұңайып, қуанса қуанып, өмірге деген құштарлығын ояту. Психолог маманы халық үшін қызмет етеді.

   22 24 12 30 20 16 20 5    1 7 1 17    10 1 18 1 34 36 23 36.  24 8 3 8 3 37, 1 16 7 36 18 1   14 8 16 5 8 18   2 23    1 7 1 17 18 36 19  10 28 23 8 5 37 18 8  28 19 37 16 37 22,  20 18 36 17 8 18  3 37 23 5 8   17 27 19 1 13 36 22,   15 26 1 18 24 1   15 26 1 18 36 22,  21 17 37 23 5 8  7 8 5 8 18    15 27 34 25 1 23 16 36 6 36 18    20 41 25 26.  

   22 24 12 30 20 16 20 5    17 1 17 1 18 36  30 1 16 36 15   28 34 37 18   15 36 11 17 8 25  8 25 8 7 37. 

    «Түймедақ» жинаңыз  жаттығуы 

Әр командаға жапырақшалар мен түймедақ өзегі бар жиынтық беріледі. Команда бойынша бірінші қатысушы түймедақтың өзегін алып, оны алдын ала белгіленген сызыққа апарады. Содан кейін оралып, эстафетаны гүл жапырақшасы бар келесі қатысушыға береді. Барлық түймедақтарды тез жинаған команда жеңеді. Ең әдемі ромашка үшін командаға қосымша ұпай беріледі.


4.      «Аукцион» ойыны әр сұрақ аукцион арқылы қойылады, егер 1 топ 1,2,3 деп саунау барысыында  жауап бере алмаса екінші топ жаап беріп ұпай санын сол топ алады. 

  5 баллдың сұрақтары:

  • Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?

Жауабы: 12 құс. (Тордан ұша алмайды)

  • 2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды?

Жауабы: 2 сағат ойнайды

  • Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен  тұрса қанша кг?

Жауабы:  (3 кг)

10   баллдың сұрақтары:

  • Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан кейін үш аяқты ол не?

Жауабы: (Адам)

  • Қай жерде жексенбі сенбіден бұрын  келеді?

Жауабы:  (Сөздікте)

  • Үйдің ең суық жері?

Жауабы:  (Сырты)

15   баллдың сұрақтары:

  • Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда екеу Астанада көп? Ол не?

Жауабы:  (“а” әрібі)

  • Тілден ұшып,

Құлаққа қонады.

Жауабы: (Сөз)

  • Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?

Жауабы: 53 жексенбі


5.      КРИПТОГРАММАЛАР 

Тимбилдинг жаттығуы  Мақсаты: командалық жұмысқа үйрету

Көз жұму арқылы 4 бұрыш, 3 бұрыш жасау

Ортаға отырып, сандарды шапалақ арқылы айту, Мысалы: 1,2 шапалақ 4 5 шапалақ 6 7 8 шапалақ


1 топ:   «Әсемпаз болма әр неге,

Өнерпаз болсаң, арқалан»


2 топ:  «Сен де бір кірпіш дүниеге 

Кетігін тапта бар қалан»


  • «Кім жылдам» ойыны

Топтарға сұрақтар қойылады, ал оған жауапты топ болып жіпке байланған маркер арқылы жазуы керек. 

Қай топ жылдам сол топқа ұпай беріледі

  1. Жаныңнан табылып, сені қолдайтын жан: дос
  2. Әлемді жаулауға көмектесетін сезім: махаббат
  3. Біліміңді шыңдайтын, саған тәлім – тәрбие беретін, жанашыр адам: ұстаз
  4. Әр адамның бойында бар бір ерекшелік: қасиет
  5. Бойымыздағы қасиеттердің жиынтығы: мінез
  6. Достықтың басты күші, бір – біріне деген: сенімділік 


 Қорытынды:  

                            «Талпыныс» Аманжол Рысмендиев

 Өмірдің мәні, көңілдің сәні – талпыныс,

Мақсатқа ұмтыл, «жетем» деп бала, ал, тырыс.

Арманды көздеп, бойыңды өзгерт, шаршама,

Болмасын сенде ынжықтық және алқыныс.

Санаңда жатыр, сапырсаң қанша жобалар,

Жүзеге асыр, мән бермей жүрсең жоғалар.

Жарқын ой болсын, басыңда бағыт беретін

Өмір дегенің ойыңнан бастап оңалар!

Ерінесің, керілесің, берілесің уайымға,

Өміріңнің осал тұсы жайында.

Главная көтер, бұл заманда оп-оңай,

Тік қасықты сала алмайсың дайынға.

Қолдағанды, қорғағанды өзгелерден күтпегін,

Керек емес еш бір жанға проблемаң, жүктерің.

«Өз бақытым -- өз қолымда», -- деп біліп,

Керегесін сеніміңнің тіктегін!