«Адамның психологиялық саулығы», «Бақытты бала қалай тәрбиеленеді?» » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » «Адамның психологиялық саулығы», «Бақытты бала қалай тәрбиеленеді?»
24
ноябрь
2021

«Адамның психологиялық саулығы», «Бақытты бала қалай тәрбиеленеді?»

№21 ЖОББМ «Жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу», «Суицидтің өршуі – қоғамға келген қатер» дәріс ДТЖО: Э. Тайбекова және «Адамның психологиялық саулығы», «Бақытты бала қалай тәрбиеленеді?» психологиялық кеңес беру   Мектеп психологтары:  А.С. Назаркулова, Ж.Е. Кикбаева
СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ маңызды элементі  жасөспірімдер ДЕПРЕССИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ болып табылады, бұл жерде де ата-ана маңызды рөл атқаруы тиіс. Жасөспірімде төмен көңіл-кдомжәне депрессивтік күйдің басқа да белгілері байқалған кезде, бірден оған осы күйден шығуға көмектесу үшін шаралар қабылдау . Баламен әңгімелесу, оның денсаулығы мен көңіл-күйі туралы, оны не мазалайтыны туралы сұрақтар қою, болашақ туралы сұхбат құру, жоспарлар құру қажет. Әңгімелесу позитивті болуы қажет: баланы «қашанда тұнжырап жүресің» және «күңкілдейсің» деп кінәлаудың пайдасы жоқ. Оның өзі де уайымнан қуана арылар еді! Сондықтан, кінәлау мен ашуланудың орнына, оның сезімдері мен эмоцияларын түсінетініңізді көрсету қажет, оның тұлғасының жағымды жақтары мен ресурстарын көрсету, өзіне деген сенімін нығайту, өз проблемаларын өзі жеңе алатынына және алға қойған мақсаттарына жете алатынына жігерлендіру қажет. Жасөспірімді басқа одан жақсы оқитын, жігерлі, пысық балалармен салыстырмау қажет. Бұндай салыстырулар жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін және оның онсыз да төмен өзін бағалауын төмендетіп жібереді. Бүгінгі жасөспірімді бүгінгі күнгі бейнесі мен өткен күнгісін ғана салыстыруға болады, сөйтіп оның ертеңгі позитивті бейнесіне ұмтылуға жағдай жасау керек.
Өз сөздерін қорытындылай келе ата – аналарға «Бақытты балалар қалай тәрбиеленеді» тақырыбында жаднамалар таратты.