«Құқық бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?» » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » «Құқық бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?»
23
февраль
2023

«Құқық бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?»

23 ақпан күні дебат клубының жетекшісі: Г.Босатованың ұйымдастыруымен 8-9 сынып білім алушыларымен « Құқық бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?» тақырыбында пікірталас өткізілді. 

Мақсаты: белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;
 - Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;
 - Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
 - Өз көзқарасын айтуға машықтандыру;
 - Оқушының қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру;
 -«Құқық бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?» тақырыбында ой қозғату;

Бұл пікірталасқа 8,9- сынып оқушыларынан құралған үкімет пен оппозиция қарама-қарсы ойнайтын болады. «Аристократ» фракциясы және «Доминант» фракциясы
 Үкімет: Балалар арасында құқық бұзушылықты болдырмау үшін баланы қатаң қадағалау керек деген пікірде

Оппозиция: Балалар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау үшін балаларға еркіндік беріп, сенім білдіруіміз керек.
 «Аристократ» фракциясының мүшелері:
 1. Асқар Ариана 
 2. Тұрысбек Балым
 «Доминант» фракциясының мүшелері:
 1. Батырхан Зере
 2. Жақсылық Жанерке