Құқықбұзушылықтың алдын алу » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқықбұзушылықтың алдын алу
19
январь
2026

Құқықбұзушылықтың алдын алу

2026 жылдың 13 қаңтар күні 21 ЖОББМ-де «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбында тәрбиелік мәні зор кездесу ұйымдастырылды.Іс-шараға ауыл ақсақалдары, мектеп әкімшілігі, құқық бұзушылықтың алдын алу тобының мүшелері, мектеп инспекторы, 8–11 сыныптың ер балалары мен олардың әкелері, сондай-ақ сынып жетекшілері қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп пен жауапкершілікке баулу, әрбір жасөспірімнің өз әрекетіне сын көзбен қарап, заң талаптарын сақтауға тәрбиелеу.
Кездесу барысында қатысушыларға:
    •    қоғамдағы заң мен тәртіптің маңызы,    •    мектеп ішкі тәртібін сақтау талаптары,    •    жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері,    •    құқық бұзушылықтың алдын алу және оның салдары туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ой-пікірлерімен еркін бөлісті. Ақсақалдар мен сала мамандарының ақыл-кеңестері оқушыларға үлкен ой салды.
Кездесу жасөспірімдердің тәртіп пен жауапкершілік туралы түсініктерін тереңдетіп, олардың заңға құрметпен қарауына оң әсерін тигізді.