Құқықтық тәрбие - құқық бұзушылықтың алдын - алу" айлығы » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқықтық тәрбие - құқық бұзушылықтың алдын - алу" айлығы
02
ноябрь
2022

Құқықтық тәрбие - құқық бұзушылықтың алдын - алу" айлығы










#21 ЖОББ мектебінде ДҚТЖО Ж.Ж.Жакипбекованың ұйымдастыруымен  "Құқықтық тәрбие - құқық бұзушылықтың алдын - алу" айлығы барысында  ата-аналар мен мұғалімдердің, мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жандарова Б.Ш. қатысуымен кездесу өтті. Тақырыбы: Тәрбие отбасынан басталады. Мақсаты: Үштік одақ: ата-ана, мұғалім, оқушы арасындағы қарым-қатынасты жақсарту. Ұлы ғалым, философ Әбу-насыр Әл-Фараби "Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі деген екен." Бұдан шығатын түйін бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ой, сана -сезімі, адамгершілігі әсер етпек. "Халықта ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың" деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі. Қорытындылай келе, бала - отбасы айнасы, бір тамшы суда күннің сәулесі көрінгендей, перзентте де ата-ананың тәрбиесі көрінеді. Айлық барысында өткізілген іс-шараға мектеп директорының құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Жақыпбекова Жанар қорытынды жасап, келген қонақтарға алғысын білдіріп, аяқтады. Іс-шараны ұйымдастырып, өткізген: Иманбеков Б.М. және Алхожаева Н.К.