02
ноябрь
2022
«Құқықтық тәрбие- құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы барысында «Түнгі ауылдағы балалар » атты тақырыбында өткізілген рейд
2022 жылдың 10 қазан – 10 қараша күндері айлық барысында «Түнгі ауылдағы балалар » тақырыбында күндізгі және түнгі рейдтің кестесі құрылып, кесте бойынша мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер және жауапты кезекші мұғалімдер арасында рейдттік іс-шаралары ұйымдастырылып, жүргізілді. Рейдттің мақсаты: мектеп жасындағы балалардың беталды, беймезгіл уақытта қоғамдық жерлерде болмауы, тәртіп бұзушылықпен құқық бұзушылықтың алдын алу. Рейдтің барысы туралы қорытынды есептері тапсырылып тіркелді. Жалпы айлық барысында 8 (сегіз) рейдттік іс-шаралар жүргізілді. Рейдттер барысында шекара маңы, ойын-сауық мекемелері, май құю станциялары және мектептің маңы, мешіттер және ауыл көшелері қамтылды. Сонымен қатар, жасөспірімдерге темекі сатқан дүкендер де бақылауға алынды. Осы рейдтердің қорытындысына келсек, жалпы кезекшілердің есептері бойынша өткізілген рейдтер барысында мектеп жасындағы ешқандай балалар мен жасөспірімдер анықталып, тіркелген жоқ.










