7-8 сыныптар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында өткізілген мектепішілік дебат турнирі » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7-8 сыныптар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында өткізілген мектепішілік дебат турнирі
02
ноябрь
2022

7-8 сыныптар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында өткізілген мектепішілік дебат турнирі

№21 жалпы орта білім беретін мектебінде 20 қазан күні 8 сыныптар арасында  құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқықтық сауаттылық – заман талабы»   тақырыбында мектепішілік дебат турнирі өткізілді.Турнирдің мақсаты:оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу,түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жағастыру.
Қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек. Құқықтық тәрбие дегеніміз не? Құқықтық тәрбие дегеніміз – бұл Құқықтық білім беру – нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру. Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу, заң нормаларын орындау: заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т. б. Құқықтық мәдениеті дамыған тұлға- құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болады деп сенеміз. А. С. Макаренконың: «анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген пікірін ұмытпағанымыз жөн болар. Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-- аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады. Құқықтық тәрбиені жүзеге асыруда қойылатын талаптар қандай? — Әрине, бұл Заңдарды білу Бала мен ата -ананың құқықтары мен міндеттері белгіленген заңдар бар. 
Спикерлер құқық бұзушылық тақырыбын жан-жақты талдап, мұндай жаман әдеттен аулақ болуға шақырды.
Ойынға төрешілікті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботабекова Арай балаларға бағыт-бағдар беріп, әділ төрелігін жасады.
Турнирді ұйымдастырушы: Сатыбалды Мөлдір Кеңесбекқызы