10
февраль
2023
«Әр түрлі санаттағы балалармен мұражайға саяхат»
2023 жылдың 10 ақпан күні әлеметтік педагог Э.М. Ахметова, А.А.Есалиева Андас батыр ауылындағы тарихи өлкесінің мәні бар жерлерге әртүрлі санаттағы білім алушылармен саяхат жасады. Бұл саяхаттың мақсаты әр түрлі санаттағы балалар және жайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқан білім алушыларға тарихи мәні бар жерлер туралы түсінік беріп,оқушылардың ой өрісін, танымдық қабілеттерін, туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Сондай - ақ білім алушылардың бойына ата- бабаларына деген құрметерін, туып өскен ауылдарының тарихымен танысу болды. Білім алушылармен ең бірінші Андас батыр ауылындағы орналасқан үлкен Кітапханаға саяхат жасалды. Ол жерде балалар өздеріне ұнаған кітаптарымен танысып, кей балалар қызықты кітаптармен оқып танысқылары келетін ниеттерімен де бөлісіп жатты. Келесі болып Андас батыр аулында орналасқан «Қара Жауырын» ескерткішіне саяхат жасалды. Ұлы Жiбек жолының бойында орналасқан көне Меркi және Аспара өңiрi тағылымды тарихқа да, құнды жәдiгерлерге де өте бай.






