2026 жылдың 05 қаңтардағы №3 педагогикалық кеңестің өткізілуі туралы мәлімет » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » » 2026 жылдың 05 қаңтардағы №3 педагогикалық кеңестің өткізілуі туралы мәлімет
05
январь
2026

2026 жылдың 05 қаңтардағы №3 педагогикалық кеңестің өткізілуі туралы мәлімет

2026 жылдың  05 қаңтардағы №3 педагогикалық кеңестің өткізілуі туралы мәлімет    


2026 жылдың 05 қаңтар күні  №21 жарлпы орта білім беретін мектебінде кезекті   №3 педагогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртібінде білім сапасы мен тәрбие бағыты бойынша өзекті  мәселелер қаралды. 

Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу бойынша бракераж комиссиясының қорытындысы тыңдалды. Мектеп асханасында тамақтану ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 05 тамыздағы №76 бұйрығында көрсетілген талаптардың орындалуын бақылау бракераж комиссиясына  міндеттелді. 

Бірінші жартыжылдық бойынша білім сапасының нәтижесіне талдау жасалынды.  Білім сапасын төмен көрсеткен пән мұғалімдерінің пәнді оқыту жайы бақылауға алынды.  Пән мұғалімдерінің электронды  журналды толтыруы, үй тапсырмаларының орындалу нормасының сақталуы және БЖБ, ТЖБ жұмысының жүргізілуіне сраптама жасалынды. ЕББҚЕ білім алушылардың қажеттілігіне қарай оқу бағдарламаларының орындалу сапасы тыңдалды. Денсаулығына байланысты  үйде және инклюзивті білімді жеке қаралыммен оқитын білім алушылардың оқытылуы ақпан айының мектепішілік бақылауына  қойылды. 

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларының орындалуы мен тасымалдау барысында қауіпсіздік ережелерінің  сақталуы бақылануда. 

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бағытында атқарылған іс-шаралардың орындалуы. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында өткізілген сабақтар мен «Жеке қауіпсіздік» сабақтарының өткізілу сапасына талдау жүргізілді.