«Кел, дос болайық!» тәрбие сағаты » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » «Кел, дос болайық!» тәрбие сағаты
10
October
2024

«Кел, дос болайық!» тәрбие сағаты

«Кел, дос болайық!» тақырыбында 3 сынып жетекшісі Т.Лайпанова тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Білім алушылардың қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру, сенімділік қасиеттерін дамыту. Тәрбие сағаты сәлемдесу жаттығуымен басталып, жылы тілекпен жалғасты. Сабақ барысында  достық, тұлғааралық қарым-қатынастағы проблемалар, толғандырып жүрген жайттар жөнінде анонимді түрде жазылған хаттарға талдау жасалынып, шешімі талқыға салынды, дұрыс ақыл-кеңес берілді. Ұжымды біріктіруге, достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған жаттығуда оқушылар суреттер салды. Тәрбие сағаты соңында оқушылар  алған әсерімен бөлісіп, рефлексия жасады.