05
November
2021
«Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат»
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» атты ток шоу өткізілді.
Қазақ халқының салт-дәстүрін әдеп ғұрпын насихаттау мақсатында 5 қараша күні №21 жалпы орта білім беретін мектебінде "Қыз Жібек" клубының үйірме жетекшісінің ұйымдастыруымен 9-10 сыныптар арасында «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» атты ток шоу өткізілді. Ток шоудың мақсаты: қазақ халқының салт дәстүрлерімен таныстырып, болашақ жас ұрпаққа халқымыздың асыл қадір – қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, салт - дәстүрлерімізді қадірлей білуге баулу. Оқушыларды салт - дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.Іс-шара барысында 10 сынып оқушылары Тайбай Рабиасүлтанбегім мен Бейсембек Аяжан екеуі салт- дәстүрлерімізге тоқталып толықтай мәлімет беріп кетті. Келген құрметті қонақтарымыз Исабекова Мирамкүл, Досаева Жарқын апалар бесікке салар, тұсау кесер рәсімдерін көрсетіп, тәрбиелік мәнін оқушыларға түсіндірді.Аналар мектебінің жетекшісі Наурызбай Айнұр қүнделікті жасап жүрген қол-өнер жұмыстарымен таныстырып өтті.


