12
September
2025
«Жастар және дін» Е.Сарсеновпен кездесу
12 қыркүйек күні мектепте оқушылардың діни сауаттылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды қастерлеу және дәстүрлі діннің мән-маңызын түсіндіру мақсатында «Жастар және дін» тақырыбында теолог аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Мамбетов және Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Е.Сарсеновпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында теолог қазіргі қоғамдағы діни жағдайлар, жастардың теріс ағымдарға еріп кетуінің алдын алу жолдары, діннің тәрбиелік және рухани маңызы туралы жан-жақты мәлімет берді. Schoolchildren дәстүрлі ислам құндылықтары, ата-баба салт-дәстүрімен сабақтастығы түсіндірілді. Сонымен қатар, мектеп формасын сақтау, мектептің ішкі тәртіп ережелерін орындау туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Іс-шара сұрақ-жауап форматында жалғасып, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Бұл кездесу жастардың діни білімін кеңейтуге, рухани құндылықтарды дұрыс қабылдап, жат ағымдардан бойын аулақ ұстауға ықпал етті. Қатысқан 9-11 сынып оқушылары-70 адам, мектеп директоры Э.Бекжанова, ДТЖО Э.Тайбекова, тәлімгер А.Дуанабаева.






