9-11 сынып қыздарымен жиналыс » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » 9-11 сынып қыздарымен жиналыс
12
September
2025

9-11 сынып қыздарымен жиналыс

Мектепте тәрбие жұмысының бір бағыты – қыз балалардың бойында ұлттық құндылықтарды, әдептілік пен инабаттылықты қалыптастыру. Осы мақсатта 12 қыркүйек күні мектепте 9-11 сынып қыздарымен жиналыс ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға қыз бала тәрбиесіне қатысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер түсіндіріліп, «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар, қыз балаларға әдептілік, сыпайылық, мәдениетті қарым-қатынас жасау, дұрыс киіну, жеке бас тазалығы, салауатты өмір салты туралы кеңестер берілді. Жиын барысында отбасылық зорлық-зомбылық, оның түрлері мен алдын алу жолдары жөнінде ашық әңгіме өрбіді. Сондай-ақ, жасөспірім қыздардың өз-өзін бағалауы, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру және қауіпсіз орта құру жайында кеңестер берілді. Жүргізілген жиналыс қыздардың бойында инабаттылықты, отбасылық құндылықтарды қастерлеуді, өзін-өзі дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. ДТЖО Э.Тайбекова