"Менің Отаным-Қазақстан"
#21 Жалпы орта білім беретін мектебінде 17 қазан күні Республика күніне орай "Менің Отаным-Қазақстан" атты тәрбие сағаты өтті. Сабақтың мақсаты: - Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. - Елінің Туын, Елтаңбасы, Әнұранын қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.