«Сенімділік – сәттілік бастауы»тренинг » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » «Сенімділік – сәттілік бастауы»тренинг
11
March
2026

«Сенімділік – сәттілік бастауы»тренинг

Іс-шара тақырыбы: «Сенімділік – сәттілік бастауы»тренинг
Мақсаты: Оқушылардың тұлғалық дамуын қолдау, өзіне деген сенімділігін арттыру, өзін-өзі бағалауын қалыптастыру, ішкі ресурстарын анықтау және тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Психологиялық жұмыс бағыты: дамыту-түзету, психологиялық ағарту және алдын алу.
Өткізу күні: 11 наурыз 2026жыл 
Қатысушылар: 9-11 сынып оқушылары
Тренинг жоспары: 
  1. «Шаттық шеңбері» жаттығуы
  2.  «Мен қандаймын?» жаттығуы:
  3. «Менің жетістіктерім» жаттығуы
  4. «Сенімділік баспалдағы» әдісі
  5. Рөлдік ойындар
  6.  «Сергіту сәті» қорытынды
     Іс-шараның жүру барысы: Психолог оқушылармен амандасып, тренингтің тақырыбы мен мақсатын таныстырды. Топтық жұмыс ережелері (бір-бірін тыңдау, сөзді бөлмеу, пікірді құрметтеу, белсенділік таныту) түсіндірілді.«Шаттық шеңбері» жаттығуы: Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне жылы тілектер айтып, жағымды атмосфера қалыптастырды. Бұл кезеңде балалардың эмоционалдық күйі тұрақтанып, тренингке қызығушылығы артты. «Мен қандаймын?» жаттығуы:
 Әр оқушы өз есімін айтып, өзіне тән 3 жағымды қасиетін атады. Кейбір оқушылар бастапқыда қысылып, ойын толық жеткізе алмады, алайда топтың қолдауы арқылы белсенділік біртіндеп артты. Бұл жаттығу оқушылардың өзін-өзі қабылдауына және позитивті ойлауына ықпал етті.
Негізгі бөлім:  «Менің жетістіктерім» жаттығуы: Оқушылар өз өміріндегі кіші немесе үлкен жетістіктерін жазып, топ алдында бөлісті.
 Нәтижесінде: Оқушылар өздерінің қабілеттерін байқап, өзіне деген сенімі артты, кейбір оқушылар бұрын мән бермеген жетістіктерін қайта бағалады.  «Сенімділік баспалдағы» әдісі: Schoolchildren баспалдақ бейнесі ұсынылып, өздерінің сенімділік деңгейін белгілеу тапсырылды.Содан кейін сенімділікті арттыру жолдары талқыланды: өзін қолдау; позитивті ойлау; мақсат қою; қорқынышты жеңу. Бұл әдіс оқушыларға өзін-өзі бағалауға және даму бағытын көруге мүмкіндік берді. Рөлдік ойындар: Schoolchildren түрлі өмірлік жағдаяттар ұсынылды (мысалы: сынып алдында сөйлеу, пікірін қорғау, жаңа ортаға бейімделу). Оқушылар рөлге еніп, өз ойларын сенімді түрде жеткізуге тырысты. Нәтижесінде: коммуникативтік дағдылар дамыды; өз ойын ашық айтуға дағдыланды; «Комплименттер шеңбері»:
 Оқушылар бір-біріне жағымды қасиеттерін айтып, комплимент жасады.
 Бұл жаттығу: өзін бағалауды көтерді; сынып ішінде жағымды қарым-қатынас орнатты; эмоционалдық қолдау сезімін қалыптастырды. 
Сергіту сәті (5 минут): Қысқа психологиялық және қозғалыс жаттығулары жүргізілді. Оқушылардың шаршауы басылып, белсенділігі қайта артты.
Қорытынды бөлім.
«Feedback» әдісі: Оқушылар стикерлерге келесі сұрақтарға жауап жазды:
  • Мен не үйрендім? 
  • Маған не ұнады? 
  • Мен үшін не қиын болды? 
Кейбір оқушылар ауызша да пікір білдірді. Көпшілігі тренингтің қызықты әрі пайдалы өткенін атап өтті.
 «Сенімділік – сәттілік бастауы» тренингі оқушылардың тұлғалық дамуына оң әсерін тигізді. Тренинг барысында қолайлы психологиялық орта қалыптасып, оқушылар өз мүмкіндіктерін түсіне бастады.