№21 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша сенім хат негізінде тәрбиеленіп жатқан білім алушылардың заңды өкілі болып табылмайтын азаматтармен жүргізілген жұмыстар туралы Ақпарат » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №21 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша сенім хат негізінде тәрбиеленіп жатқан білім алушылардың заңды өкілі болып табылмайтын азаматтармен жүргізілген жұмыстар туралы Ақпарат
28
апрель
2026

№21 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша сенім хат негізінде тәрбиеленіп жатқан білім алушылардың заңды өкілі болып табылмайтын азаматтармен жүргізілген жұмыстар туралы Ақпарат

№21 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша  сенім хат негізінде тәрбиеленіп жатқан білім алушылардың  заңды өкілі болып табылмайтын  азаматтармен жүргізілген  жұмыстар туралы 

Ақпарат 

      2026 жылды 28 күні әлеуметтік педагогтердің жылдық жоспарына сай тәуекел тобындағы  сенімхат негізінде тәрбиеленіп жатқан білім алушылардың  заңды өкілі болып табылмайтын азаматтармен (сенімді өкілдерімен) жоспарлы кездесу өткізілді. Кездесіге сенімхатпен білім алып жатқан 12 оқушының сенімді өкілдері қатысты.

       Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың заңды құқықтарын қорғау, олардың білім алу процесіне қатысуын бақылау, сондай-ақ сенімді өкілдермен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Кездесу барысында мектеп директоры тарапынан ата-аналарға (сенімді өкілдерге) қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттар аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, сенімхат арқылы оқыту тәртібі, оқушының құқықтары мен міндеттері, мектеп пен ата-ана арасындағы жауапкершілік, сондай-ақ оқу-тәрбие процесіндегі тәртіп пен қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, оқушылардың сабаққа қатысуы, үлгерімі, тәртібі және әлеуметтік жағдайы бойынша мониторинг жүргізудің маңыздылығы түсіндірілді. Мектеп әкімшілігі тарапынан ата-аналарға балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау, оларды бақылауда ұстау, мектеппен тұрақты байланыста болу қажеттілігі ерекше атап өтілді. Кездесу барысында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, әрбір жағдай жеке қарастырылды. Сенімді өкілдер өз тарапынан ұсыныстарын білдіріп, мектеппен бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.

        Іс-шараға барлық шақырылған ата-аналар (сенімді өкілдер) толық қатысып, белсенділік танытты. Кездесу өз мақсатына жетіп, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыруға оң ықпал етті.

        Қорытындылай келе, мұндай кездесулер оқушылардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуын қамтамасыз ету бағытында маңызды рөл атқаратыны атап өтілді. Алдағы уақытта да ата-аналармен (сенімді өкілдермен) жүйелі түрде байланыс орнату және түсіндіру жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда.